Ақпараттық хабарлама
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2023 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей Ақмола облысы Астрахан ауданының әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлау алдындағы үгітті өткізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей хабарландырылмаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына эфир мен баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынбаған кандидаттардың, сайлауға қатысатын саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарымен жариялау немесе эфирге шығару - лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Астрахан аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы