«Мүгедектерді техникалық көмекші (өтемдік) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 287 Бұйрығына
қосымша

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырмасыншы абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      2) есту аппараты – мүгедектерге медициналық көрсетілімдерге байланысты берілетін және құлақ ішіндегі, түтік ішіндегі, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзілдірік ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткізгіш болып бөлінетін микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;

      3) есту аппаратын, сөйлеу процессорын ауыстыру – ауыстыру мерзімін ескере отырып есту аппаратымен, сөйлеу процессорымен қамтамасыз ету;

      4) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультация беруге, сөйлеу процессорын баптауға, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізуге, естуді қабылдауды, ауызша сөйлеуді және танымдық қызметті дамытуға бағытталған ата-аналар (заңды өкілдер) қатысатын іс-шаралар жүйесі;

      5) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және бас миының есту орталығына электрлік импульстерге түрленген дыбыстық ақпарат беретін медициналық аспап;

      6) кохлеарлық имплантация – бұл естуді қалпына келтіруге және терең есту мүкістігі немесе саңыраулығы бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесін электродтық естуді протездеу түрі;

      7) кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры – кохлеарлық имплантқа берілетін механикалық табиғаттың дыбыс толқынын электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғы (бұдан әрі – сөйлеу процессоры);

      8) күрделі протездік-ортопедиялық құралдар – корсеттер, аппараттар, туторлар, жамбасты мүшелегендегі, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекітілетін протездер, ортопедиялық аяқ киім;

      9) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішісіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      10) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;

      11) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ТКҚ) – протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққазақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      12) ұсақ протездік-ортопедиялық құралдар – бандаждар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың профилактикалық шалбарлары;

      13) арнаулы жүріп-тұру құралдары (бұдан әрі – кресло-арбалар) – мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      14) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС қатысушылары) 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – ҰОС мүгедектігі бар адамдары), сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге арналған өтініштің (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – АОЖБ) әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ҰОС қатысушылары өтінішке "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысын қоса береді.

  1. ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектігі бар адамдары, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар, мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

      4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).

      Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.

      "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызмет көрсету тәртібі 2-тараудың 2-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" 4-тараудың 2-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" осы Қағидалардың 6-тарауының 2-параграфында көзделген.

      "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету тәртібі 2-тараудың 3-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" 4-тараудың 3-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" осы Қағидалардың 6-тарауының 3-параграфында көзделген.

  1. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кезегінің электрондық журналына (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) олардың түсу ретіне қарай тіркейді.

      Протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, "Е-собес" ААЖ-да бастапқы тіркелген өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар адамға, ҰОС қатысушысына және ҰОС мүгедектігі бар адамына, сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамға (бұдан әрі – алушы) "Е-собес" ААЖ-мен протездік-ортопедиялық құралдарды, ОТҚ және кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, кезекке қою үшін оларды ауыстыруға келісім беруге сұрау салумен смс-хабарлама жіберіледі.

      Алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен ауыстыруға немесе ауыстырудан бас тартуға келісімін растайды.

      Алушыдан келісім алған немесе алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушы протездік-ортопедиялық құралдарды, ОТҚ және кресло-арбаларды ауыстыруға кезекке енгізіледі.

  1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына(Ерекше бөлім) сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен жұмыс берушінің қаражаты есебінен АОЖБ-ға сәйкес қамтамасыз етіледі.
  2. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар Кодекстің 162-бабының 5-тармағынасәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.
  3. Мүгедектігі бар адамдарға берілген ОТҚ кресло-арбаларды сату және басқа адамға беруге жатпайды.
  4. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жолдайды.

4-тарау. "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш негізінде "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Осы Қағидалардың 11-қосымшасына(бұдан әрі – ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) сәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін)электрондық құжатпен жүгінеді.
  2. Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімдерінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.

      Жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық көмек алуға өтініш берген кезде:

      1) өндірістегі мүгедектікке алып келген жазатайым оқиға туралы;

      2) кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      ҰОC қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары және ҰОC мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар өтінішке ҰОC қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары немесе ҰОC мүгедектігі бар адамына теңестірілген адам куәлігін қоса береді.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке қағаз жеткізгіштегі тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

      Ұсынылған түпнұсқалармен сәйкестендіргеннен кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  1. Өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелері, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасы сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды.

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы өтініш берушінің абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың бөлімшелерінің, жұмыспен қамту бөлімдерінің сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы осы Қағидаларға 6-қосымшағасәйкес нысан бойынша хабарлама беріледі.
  2. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияға кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Жұмыспен қамту бөлімінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімі, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметті нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

2-параграф. "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. МӘС Қағидаларға сәйкес судротехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды ұсынуға іс-шараларды қамтитын ОЖБ "МОДБ" ААЖ қалыптастырылғаннан кейін ОЖБ-ның деректері автоматты түрде "Е-Собес" АЖЖ көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      Проактивті қызмет арқылы судротехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

      Қызмет көрсету мерзімі келісу түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған жағдайда, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, ОТҚ-мен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, ОТҚ-мен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
  3. Проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыны ОТҚ мүгедектігі бар адамдарын қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу жөнінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама арқылы хабардар етеді. Жөргектермен қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға қажетті мөлшерді көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберіледі.
  4. Жіберілген смс-хабарламалар осы Қағидаларға 7-қосымшағасәйкес нысан бойынша смс-хабарламалар электрондық журналында тіркеледі.
  5. Мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ қамтамасыз ету үшін проактивті қызмет арқылы ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-дан жүзеге асырылады.

3-параграф. Веб-порталы арқылы "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жолдайды.

      Өтінішті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берген кезде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.

      Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.

  1. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жібереді.
  2. Осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес ОТҚ мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде калалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

  1. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
  2. Заңының 5-бабы 2-тармағының11-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Есту протезі, қалдық естуді электроакустикалық түзету балалар мен ересек халықтың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды есту аппаратына бейімдеуге міндетті түрде үйрете отырып, сондай-ақ оны пайдалану және ұзақ пайдалану бойынша дағдыларды игере отырып жүргізіледі.

      Екі жақты есту қабілетінің жоғалуы кезінде екі есту аппаратымен бинауральды есту протездеуі немесе бір құлаққа есту аппаратымен және екінші құлаққа сөйлеу процессорымен бимодальді есту протездеуі жүргізіледі.

  1. Есту аппараттарымен, оларға қоректендіру көздерімен (техникалық көрсеткіштер бойынша кемінде 36 батарея), жиынтықтаушы бұйымдармен, жеке құлақ қосымша беттермен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді, сурдологиялық тексеруді, есту протездік көмегін, іріктеуді, сервистік қызмет көрсетуді, сондай-ақ кепілдік берілген мерзім шеңберінде немесе кепілдік берілген мерзім аяқталғаннан кейін пайдалану кезеңінде бір рет жөндеуді есту протездік көмек көрсетуге және медициналық оңалтуға маманданған, тиісті материалдық-техникалық базасы мен мамандары бар сурдотехникалық құралдарды беруші (бұдан әрі – СҚ беруші) жүргізеді.
  2. СҚ беруші естуді протездеу, жөндеу кезінде осы Қағидаларға 12-қосымшағасәйкес нысан бойынша медициналық-әлеуметтік картаны толтырады.

      Протездеудің медициналық-әлеуметтік картасы тұрақты сақталады.

  1. Есту аппаратымен мерзімінен бұрын қамтамасыз ету туралы шешімді қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдері:

      1) есту қабілеті нашарлаған және есту аппаратының басқа түрімен есту қабілетін түзету қажет болған кезде;

      2) есту аппараты ұрланған немесе жоғалған кезде тиісті құжаттардың негізінде қабылдайды. Есту аппараты ұрланған кезде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан анықтама ұсынылады.

  1. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі:

      1) сөйлеу процессорларының саны мен түрін (моделін) көрсете отырып, сөйлеу процессорын ауыстыру қызметіне қажеттілікті айқындайды;

      2) есту аппараттарымен естуді протездеуге, оның ішінде сүйек дыбыс өткізгіштігіне қажеттілікті айқындайды;

      3) кохлеарлық импланты бар мүгедектігі бар адамдарды сөйлеу процессорын есту аппараттарымен, оның ішінде сүйек дыбыс өткізгіштігімен ауыстыру қызметін алу үшін кохлеарлық импланттары бар мүгедектерді жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

  1. СҚ беруші мүгедектігі бар адамды:

      1) маркасы мен моделі оған орнатылған кохлеарлық имплантпен үйлесімді сөйлеу процессорымен;

      2) есту аппаратымен, оның ішінде есту дәрежесін ескере отырып, сүйек дыбыс өткізгіштігі бар есту аппаратымен қамтамасыз етеді.

  1. Сөйлеу процессорын ауыстыруға жіберілген кохлеарлық импланттары бар мүгедектігі бар адамдар (олардың заңды өкілдері) СҚ берушіге:

      1) мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) мүгедектігі бар балаға сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет көрсетуге өтініш берген кезде – ата-анасының (қорғаншыларының, қамқоршыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

  1. Есту-сөйлеуге бейімдеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ұйым) кохлеарлық имплантация операциясынан кейінгі алғашқы бес жыл ішінде жүргізіледі.

      Әлеуметтік оңалту шеңберінде кохлеарлық имплантациядан кейін есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалардың есту-сөйлеу бейімделуі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күндізгі және (немесе) тәулік бойы бақылау жағдайларында жүргізіледі.

      Есту-сөйлеуге бейімдеудің бір курсы:

      1) күндізгі бақылау 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі;

      2) кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бойы тәулік бойы бақылау.

  1. Тұру үшін үй-жайды жалға алу және тамақтану шығыстары тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеу бейімделуінен өтетін кохлеарлық импланты бар мүгедектігі бар баланы және оны алып жүретін ата-анасын (заңды өкілін), сондай-ақ олардың баратын жеріне дейін және кері қайтуға жылына бір рет жол жүру шығыстарын ұйым мемлекеттік бюджеттің жоспарланған қаражаты шеңберінде қамтамасыз етеді.

      Жол жүру (ұйымға дейін және кері қарай) ұсынылған билет немесе жол жүру құны туралы теміржол вокзалының, автовокзалдың, кемежайдың кассасы берген анықтамасы негізінде мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған вагонның темір жол бойынша қатаң плацкарт вагонының, купе вагонының (жұмсақ дивандары төмен орналасқан екі орындық купелі, ұйықтайтын вагонының жағдайын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолары бар вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша, су жолдары бойынша – екінші сыныпты тариф бойынша, тас жол немесе топырақты жолдар бойынша – белгіленген тарифтер бойынша өтеледі.

2-параграф. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Мүгедектігі бар адамдар сөз шығаратын глюкометр жиынтығына кіретін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшалары 300 данада қамтамасыз етіледі.

      Глюкометр жиынтығына кіретін тест жолақшаларын пайдаланғаннан кейін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшаларын мүгедектігі бар адамдар өз қаражаты есебінен сатып алады.

  1. Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар:

      саны 3 дана жіп тартқыштармен;

      саны 25 дана тігін инелерімен;

      бір жылдан кем емес мерзімге 1500 парақтан тұратын бедерлі-нүктелі қаріппен жазуға арналған қағазбен жабдықталады.

      Брайль қарпіндегі сөйлейтін өзіндік оқулық, брайль бойынша жиналмалы әліппе мүгедектігі бар адамға бір рет, өмір бойы беріледі.

  1. Мүгедектігі бар адамдар сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламалық қамтамасыз етуі бар ноутбукпен не Ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген Брайль қарпі бар сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютермен қамтамасыз етіледі.

      Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукті Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерге немесе сөйлеу Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерін сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке ауыстыру бұрын берілген құралды ауыстыру мерзімі өткен соң жүргізіледі.

3-параграф. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Мүгедектігі бар адамдар өтініш берген күннен бастап міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.
  2. Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектігі бар адамдарға бір жылға төмендегідей мөлшерде беріледі:

      1) зәрді және (немесе) нәжісті ұстамау типі бойынша жамбас органдарының қызметі бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған жөргектер – 1460 дана (күніне 4 дана), алушының қалауы бойынша тоқсан сайын кемінде 360 дана қамтамасыз ету;

      2) несеп-жыныс жүйесінің стомасы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған несеп қабылдағыштар (уроқабылдағыштар) – 365 дана (күніне 1 дана), көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша тоқсан сайын қамтамасыз ету –тоқсанда кемінде 90 дана;

      3) ішек стомасы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған нәжіс қабылдағыштар – 365 дана (күніне 1 дана), алушының қалауы бойынша тоқсан сайын қамтамасыз ету – тоқсанда кемінде 90 дана;

      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 365 дана (күніне 1 дана), алушының қалауы бойынша тоқсан сайын қамтамасыз ету – тоқсанда кемінде 90 дана;

      5) катетер – 12 дана (айына 1 дана);

      6) Спина бифид (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектер үшін бір рет қолданылатын катетерлер – 2190 дана (күніне 6 дана), алушының қалауы бойынша тоқсан сайын қамтамасыз ету – тоқсанда кемінде 540 дана;

      7) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 12 дана (айына 1 дана);

      8) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған қорғаныс кремі – 12 дана (айына 1 дана);

      9) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа) – 12 дана (айына 1 дана);

      10) иісті бейтараптандырғыш – 12 дана (айына 1 дана);

      11) стома айналасындағы немесе қасаға тұсындағы теріні күтуге және өңдеуге арналған тазартқыш-12 дана (айына 1 дана).

      Портал арқылы гигиеналық құралдарға тапсырыс беру кезінде алушы осы міндетті гигиеналық құралдарды жеткізушіден (бұдан әрі – МГҚ беруші) сатып алынатын тауардың санын, бірақ осы тармақта көрсетілген саннан асырмай және кем дегенде тоқсандық нормада (қалған саны) көрсетеді.

  1. Жөргектерді беруге өтініш берген кезде өтініш беруші салмағын, жамбас көлемін және бел көлемін көрсетеді.

      Жеке параметрлерге және несеп шығарудың бұзылу дәрежесіне қарай мүгедектігі бар адамдар жөргектермен қамтамасыз етіледі:

      белде 55 (см) см-ге дейін, әдеттегі сіңімділігі (тәуліктік диурездің 20 %-на дейін немесе 2310 миллилитрге (мл) дейін);

      белде 55 см-ге дейін, сіңіргіштігі жоғары (тәуліктік диурездің 50 %-дан астам немесе 2310 мл-ден астам);

      белде 55 см-ден астам, әдеттегі сіңімділігі (тәуліктік диурездің 20 %-на дейін немесе 2310 мл-ге дейін);

      белде 55 см-ден астам, сіңіргіштігі жоғары (тәуліктік диурездің 50 %-дан астам немесе 2310 мл-ден астам);

      белде 75 см-ден астам, әдеттегі сіңімділігі (тәуліктік диурездің 20 %-на дейін немесе 2310 мл-ге дейін);

      белде 75 см-ден астам, сіңіргіштігі жоғары (тәуліктік диурездің 50 %-дан астам немесе 2310 мл-ден астам);

      белде 100 см-ден астам, әдеттегі сіңімділігі (тәуліктік диурездің 20 %-на дейін немесе 2310 мл-ге дейін);

      белде 100 см-ден астам, сіңіргіштігі жоғары (тәуліктік диурездің 50 %-дан астам немесе 2310 мл-ден астам);

      белде 130 см-ден астам, әдеттегі сіңімділігі (тәуліктік диурездің 20 %-на дейін немесе 2310 мл-ге дейін);

      белде 130 см-ден астам, сіңімділігі жоғары (тәуліктік диурездің 50 %-дан астам немесе 2310 мл-ден астам).

      Мүгедектігі бар балалар дене салмағына қарай: 5 килограмға (кг) дейін, 7 кг-ға дейін, 9 кг-ға дейін, қоса алғанда 20 кг-ға дейін және 20 кг-нан астам жөргектермен қамтамасыз етіледі.

  1. Мүгедектігі бар адамның физиологиялық параметрлері өзгерген кезде, ол одан әрі бір өлшемді жөргектермен қамтамасыз етуден бас тартады және тиісті мөлшердегі жөргектермен қамтамасыз етуге өтініш береді.

      Бұл ретте, жылына жалпы саны 1460 данадан аспауы тиіс.

  1. Спина бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адам оның қалауы бойынша бір реттік пайдаланылатын катетерлермен қамтамасыз етіледі:

      майланған;

      майланбаған.

      Мүгедектігі бар адам бір катетер түрін одан әрі қамтамасыз етуден бас тартуына болады және катетердің басқа түрімен, бірақ жылына екі реттен артық емес қамтамасыз етуге өтініш бере алады.

      Бұл ретте, жалпы саны жылына 2190 данадан аспауға тиіс.

  1. Оңалту-сараптамалық диагностика негізінде мүгедектігі бар адамдар:

      аяққа бекітуге арналған немесе төсек жанындағы несеп қабылдағыштармен;

      бір немесе екі компонентті, әр түрлі пластиналары бар дренаждалатын немесе дренаждалмайтын уроқабылдағыштармен;

      бір немесе екі компонентті, әр түрлі пластиналары бар дренаждалатын немесе дренаждалмайтын нәжіс қабылдағыштармен;

      санитарлық жабдықтары бар кресло-орындықпен;

      дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш қайырмалы тұтқалармен;

      ванна бөлмелері үшін тұтқалармен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
11-қосымша

 

"Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет;
4) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні;
веб-портал арқылы жүгінген кезде – бес жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі. Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның кезекші халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады;
2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және дайын болған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның кезекші халықты жұмыспен қамту бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедектігі бар адамдарды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамның абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат. Еңбекке мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдардың протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген кезде қосымшае мертігуден немесе кәс
1) өндірістегі мүгедектікке әкеп соққан жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы, мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы, жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы мәліметтер – тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны таратуды қалалық Басқарманың Мемлекеттік корпорация, жұмыспен қамту бөлімдері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. ҰОC қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары және ҰОC мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар өтінішке ҰОC қатысушысы, ҰОC мүгедектігі бар адамы немесе ҰОC мүгедектігі бар адамына теңестірілген адам куәлігін қоса береді. веб-порталға: ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдарды ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Мемлекеттік корпорация – www.gov.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер ж"не (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні оны өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайдыЖүктеу

 

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

 

____________________________
(протездік-ортопедиялық
көмек берушінің атауы)

Медициналық-әлеуметтік карта

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________

  1. Туған жылы _____________________________________________________
  2. Мекенжайы, телефоны ___________________________________________
  3. Жеке куәлігінің №, кіммен берілді _________________________________
  4. Мүгедектіктің тобы (себебі) _______________________________________
  5. Тіркеуші ________________________________________________________
  6. Диагнозы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

  1. Мүгедектігі бар адамның шағымы

      __________________________________________________________________

  1. Аурудың анамнезі: (қысқаша сипаттау, күнін, аурудың пайда болуын, емдеуді,

      хирургиялық араласуды, қандай, қайда, есту аппараттарын қолданды ма, қандай)

      __________________________________________________________________

  1. Объективті деректер

      __________________________________________________________________

      Дәрігердің қолы _____________

      20__ж. "___"__________

Күні

Тапсырыстың №

Дәрігерді тағайындау, есту аппаратын беру, есту аппаратын жөндеу.

Арнайы зерттеулер деректері

       
   



 

 

«Мүгедектерді техникалық көмекші (өтемдік) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Дата публикации
08 сентября 2023