Доллар бағамының зейнетақы жинақтарына әсері
Немесе барлық жинақты бірғана валютаға инвестициялауға неліктен болмайды?
БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) түсетін жарналардан және оларға есептелетін инвестициялық кірістен тұрады.
Осылайша, инвестициялық кіріс ЖЗШ-ға түскен сәттен бастап зейнет жасына толғанда, шетелге қонысаударған кезде немесе мұрагерлік бойынша ай сайынғыт өлемдер түрінде алуға болатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігіне айналады.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы активтерін басқарушылар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) экономиканың түрлі салаларындағы отандық және шетелдегі әртүрлі қаржы құралдарына жергілікті және шетел валюталарында инвестициялық кіріс алу мақсатында орналастырады.
Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойыншасый ақыдан, қаржы құралдарыннарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден жән т.б. тұрады. Бұл құралдардың нарықтық құнының өзгеруі, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы инвестициялық кіріс мөлшеріне әсеретеді.
Мұндай жағдайды биылғы жылы байқауға болады. Салымшылар үзінді көшірмелерден өз жинақтарының инвестициялық құрамдас бөлігінің өзгергенін көре алады.
Теңгенің долларға қатысты ұзақ мерзімді нығаюы нәтижесіндетеріс бағамдық айырматуындағанынатапөткенжөн. Ағымдағы жылдың басынан бастап доллардың теңгеге қатысты бағамының жоспарлы төмендеуі байқалуда. Ол 01.01.2023 ж. 462,65 теңгені, 01.02.2023 ж. – 460,51 теңгеніжәне 06.03.2023 ж. жағдайбойынша (Қордың ҚҚ ЗА портфелін соңғы реет қайта бағалау күні) - 431,08 теңгені (соңғы 12 айдағы ең төменгі мән) құрады.
Осылайша, ақпан айында теңгенің шамамен 3,2%, ал наурыздың бірінші он күндігін детағы 2% нығаюы орыналды. Осылайша, инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгерістері, негізінен, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі валюталық үлес тіқайтабағалаусалдарынантерісбағамдықайырманыңтуындауынабайланысты. Ол 01.03.2023 ж. "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің шамамен 30% құрап, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруімен сипатталады.
Теңгенің қысқа мерзімді перспективадағы динамикасы әртүрлі сыртқы және ішкі факторларға тәуелді. Геосаяси жағдай теңге бағамына тікелей әсеретеді. Өйткені, жаһандық оқиғалар айыр бас бағамдарына өзықпалын тигіз бейқоймайды.
Алайда, инвестициялық портфельді әр тараптандыру (өнімнің түрлерін кеңейту және өткізу нарықтарын қайта бағдарлау), егер бір құрал бойынша кіріс басқа құралдар бойынша уақыт шашығындарды жапса, зейнетақы жинақтарының сақталуы мен орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша портфельді басқарушылардың жыл басынан бері тапқан табысы 1 наурыздағы жағдай бойынша 210,5 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді инвестициялар екенін және инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау кем дегенде бір жыл ішінде жасалғаны жөнболатынын еске саламыз. Қысқа мерзімді кезеңдердің нәтижелері индикативті емес, өйткені, олар нарықтық жағдайдың тұрақты өзгеруіне байланысты.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған жылдан (1998 жыл) бастап 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша инвестициялық кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда, өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті.
Осылайша, ұзақ мерзімді перспективада жинақталған инвестициялық кіріс инфляцияда не дәуірасып түседі.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алу жүйесі ашық: өз инвестициялық табысыңызды enpf.kz сайтындағы Жеке кабинете немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде көруге мүмкіндік бар. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат. Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.