Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы қаулы

Мемлекет мұқтажы үшін

жер учаскесін алып қою туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы»  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Первомай ауылдық округінің Лозовое ауылы тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «Гендик»шаруа қожалығының жер пайдалануынан келесі жер учаскелері алынсын:

кадастрлық нөмірі 01-002-038-059, ауданы 37 га жайылымучаскесі;

кадастрлық нөмірі 01-002-038-060, ауданы 151 га жайылым учаскесі.

  1. «Гендик»шаруа қожалығына Ұзынкөл ауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 188 га жайылым берілсін.
  2. Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі халықтың мұқтажы үшін алынған жерлерді беру бойынша іс-шаралар жүргізсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі          Н. Сейілов

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы қаулы
Дата публикации
17 февраля 2023