АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шоттың ашылуынан бастап төлемге дейін

            БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ». 

Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтердің жалпы көлемінің 93% астамын БЖЗҚ өз сайтында, ұялы қосымшасында, автоматты форматта қашықтан көрсетеді. Зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік циклі – зейнетақы шотын ашудан бастап төлем алуға дейін – қазіргі заманға сай электрондық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ сервистері үнемі жетілдіріліп отырады: тұтынушылардың сұраныстары мен заманауи трендтерге сәйкес жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болуда.

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылар халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен  сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.

Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша  түсініктеме береді.

Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда онлайн форматта өтеді.

          Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін және event-кеңестің құпиясөзін енгізіңіз.

 сағат 10:00

Zoom кездесуіне қосылыңыз

https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

 Конференция идентификаторы: 667 657 8184.

 Кіру коды 123456.

сағат 12:00

Cisco Webex Event кездесуіне қосылыңыз

Event-совещание: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e2729122e8ab5fc53c11a561eadc4a0da

Еvent-кеңес нөмірі: 2512 045 5836

Еvent-кеңес паролі: 123456.

сағат 14:00

Zoom кездесуіне қосылыңыз

https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

Конференция идентификаторы: 667 657 8184

Кіру коды 123456.

сағат 16:00

Zoom кездесуіне қосылыңыз

https://us05web.zoom.us/j/6676578184?pwd=UGY3SCtHa2dxMVZlVUJDSzZKbkNjUT09

          Конференция идентификаторы: 667 657 8184

Кіру коды 123456.

          «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді! 

   

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шоттың ашылуынан бастап төлемге дейін
Дата публикации
15 декабря 2022