Астрахан ауданы әкімінің және ауылдық округтер мен Каменка ауылы әкімдерінің 2022 жылғы екінші тоқсандағы халықпен кездесуінің қорытындылары туралы

Астрахан ауданы әкімінің және ауылдық округтер мен Каменка ауылы әкімдерінің 2022 жылғы екінші тоқсандағы халықпен кездесуінің қорытындылары туралы.

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2022 жылғы 26 сәуір мен 12 мамыр аралығында ауданда 24 кездесу, аудан әкімі және  ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен өткізілді.

 

Аудандық «Маяк» газетінде 2022 жылдың 18 наурызында және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды.

 

Instagram әлеуметтік парақшаларында, аудан әкімдігінің сайтында кездесулерді өткізу уақыты туралы анонс жарияланды. Ауылдық округтерде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер, барлығы 12 жәшік орнатылды.

 

Кездесулерге барлығы 1305 адам қатысты, 23 ұсыныс түсті.

 

Барлық 23 ұсыныстың әлеуметтік сипаты болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.

 

Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жер қатынастары – 3 немесе 13%, жолдарды жөндеу және салу – 6 немесе 26%, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жөндеу және салу – 1 немесе 4,3%, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрлендіру, телефондандыру және интернет жүргізу – 8 немесе 35%, ауыл шаруашылығы және ветеринария  – 1 немесе 4,3%, абаттандыру, санитарлық тазарту және экология – 1 немесе 4,3%, басқалары-3 немесе 13 % мәселелері болды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша барлық 23 ұсыныс қаралды, 8 ұсыныс Астрахан ауданы әкімінің кездесулері барысында халықпен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін 4 адам қатысқан азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

 

Есеп беру кездесулерінде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.

 

Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

 

 

 

 

Об итогах встреч акима Астраханского района и акимов сельских округов и села Каменка с населением во втором квартале 2022 года
Дата публикации
17 мая 2022