2022 жылы 1 маусымдағы Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы
Кірістер
2022 жылы 1 маусымдағы жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере отырып 1 548,8 млн.теңге немесе жоспарға 103,5 % түсті (1.06.2021 жылы – 107,8%).
Меншікті кірістер бойынша 433,2 млн.теңге немесе жоспарға 113,9% түсті (табыс салығының, мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының, акциздердің түсімдері, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен 52,7 млн. теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы өзгертпеп және 100,0 % немесе 1 519,6 млн. теңгені құрады, жоспарға 1 520,0 млн. теңге игерілмеген 0,4 млн. теңге, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен трансферттер 56,9 млн.теңге жоспарында 56,8 млн. теңге немесе 99,8 % игерілді, қалғаны 0,1 мың теңгені құрады.
Облыстық бюджеттен трансферттер 72,3 млн.теңге жоспарында 72,3 млн. теңге немесе 100,0 % игерілді.
Кредиттер - 9,2 млн.теңге жоспарында 9,2 млн. теңге немесе 100,0 % игерілді.
Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып 1 381,6 млн.теңге жоспарында 1 381,3 млн.теңге немесе 100,0% орындалды. Қаражат қалдығы 0,3 млн. теңге сомасында.