2022 жылы 1 сәуірдегі Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы

2022 жылы 1 сәуірдегі Астрахан ауданы бюджетінің  орындалу қорытындысы.

Кірістер

          2022 жылы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере отырып 785,1 млн.теңге немесе жоспарға 101,2 % түсті (1.04.2021 жылы – 105,8%).

          Меншікті кірістер бойынша 227,2 млн.теңге немесе жоспарға 104,3% түсті (табыс салығының, мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының, акциздердің түсімдері, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен  9,4 млн.теңгеге  орындалған).

 

Шығыстар

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы өзгертпеп және 99,9 % немесе  779,2 млн. теңгені құрады, жоспарға 780,0 млн. теңге игерілмеген 0,9 млн. теңге, оның ішінде:

 

Республикалық бюджеттен трансферттер 31,9 млн.теңге жоспарында  31,1 млн. теңге немесе 97,5 % игерілді. Қаражат қалдығы 0,8 млн. теңге сомасында.

Облыстық бюджеттен трансферттер 6,3 млн.теңге жоспарында  6,3 млн. теңге немесе 100,0 % игерілді.

Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып  741,9 млн.теңге жоспарында  741,8 млн.теңге немесе 100,0% орындалды. Қаражат қалдығы 0,1 млн. теңге сомасында.

 

2022 жылы 1 сәуірдегі Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы
Дата публикации
05 апреля 2022