2022 жылы 1 қантардағы Астрахан ауданы
бюджетінің орындалу
қорытындысы
Кірістер
2022 жылы 1 қантардағы жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере отырып 3 883,7 млн.теңге немесе жоспарға 102,0 % түсті (1.01.2021 жылы – 101,5%).
Меншікті кірістер бойынша 839,9 млн.теңге немесе жоспарға 109,8% түсті (табыс, әлеуметтік салықтар түсімдері, мүлікке салықтар, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы, акциздер, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен 75,1 млн.теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы өзгермеп 100,0 % немесе 3 985,0 млн. теңгені құрады, жоспарға 3 986,2 млн. теңге игерілмеген 1,2 млн. теңге, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен трансферттер 145,7 млн.теңге жоспарында 145,7 млн. теңге немесе 100,0 % игерілді.
Облыстық бюджеттен трансферттер – 508,6 млн. теңге жоспарында 508,5 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді, 0,1 млн. теңгедей қалдығы.
Кредиттер – 55,5 млн.теңге жоспарында 55,5 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді.
Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып 3 276,4 млн.теңге жоспарында 3 275,3 млн.теңге немесе 100,0% орындалды. Қаражат қалдығы 1,1 млн. теңге сомасында.
2022 жылы 1 қантардағы Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 200,9 млн.теңгені немесе аудан бюджетінің жалпы көлемінен 5,0% құрайды, 200,9 млн.теңге немесе 100,0 % игерілді.