2022 жылғы 1 қаңтардағы аудан әкімінің, Астрахан ауданының ауылдық округтердің және Каменка ауылы әкімінің 2021 жылғы қаңтар-ақпанында халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы АҚПАРАТ

р/с

Тапсырмалар

Жауапты орындаушылар.

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Астрахан ауылының Астрахан №1 орта мектебінен Әл-Фараби көшесін жарықтандыруды өткізу туралы

К.Қ.Аркенов,

Астрахан ауылдық  округінің әкімі

01.10.2021

Орындалды.

Астрахан ауылының №1 Астрахан орта мектебінен Астраханка ауылының көшелерін, оның ішінде Әл-Фараби көшесін жарықтандыру бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүргізілді.

2.

Каменка ауылы Н.Сабодовский көшесіндегі электрмен жабдықтау желісіне жөндеу жүргізу туралы

А.Н. Кулинич,

«Ақмола электр тарату компаниясы» АҚ Астрахан аудандық электр желілерінің басшысы

01.09.2021

Орындалды.

Астрахан АЭЖ жұмыс жоспарына сәйкес Каменка ауылының көшелерін электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді (ағаш тіректерді бетонға ауыстыру, электр беру желілерін ауыстыру).

3.

Жаңа-Тұрмыс ауылына кірме  жолына жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.11.2021

Орындалды.

Жаңа тұрмыс ауылына кіреберіс жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге "Даниал" ЖК-мен 3,1 млн. теңге сомасына шарт жасалды.

Жұмыстар аяқталды.

4.

Жалтыр ауылына кірме жолына жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.10.2021

Орындалды.

Жалтыр ауылының кірме жолына орташа жөндеу жүргізуге 71,5 млн.теңге сомасына "MK-group" ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстар аяқталды.

5.

Жалтыр ауылындағы көше-жол желісіне жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.10.2021

Орындалды.

Жалтыр ауылының көше-жол желісіне жөндеу жүргізуге. Жұмыстарды "Gruss"ЖШС жүргізді. Жұмыстар аяқталды.

6.

Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелерін орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу туралы

Ж.Б.Ілиясов,

құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

01.10.2021

Орындалды.

Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелері бойынша жылу желілерінің құрылысы бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Жұмыстар 151,2 млн.теңге сомасына "Азияэнергопроект-монтаж" ЖШС жүргізілді.

Жұмыстар толық көлемде жүргізілді. 2021 жылы Пушкин және Молодежная көшелерінің жылу желілерін салу барысында қазандығына 103 абонент қосылған.

Дата публикации
30 декабря 2021