|
р/с |
Тапсырмалар |
Жауапты орындаушылар. Орындау мерзімі |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
Астрахан ауылының Астрахан №1 орта мектебінен Әл-Фараби көшесін жарықтандыруды өткізу туралы |
К.Қ.Аркенов, Астрахан ауылдық округінің әкімі 01.10.2021 |
Орындалды. Астрахан ауылының №1 Астрахан орта мектебінен Астраханка ауылының көшелерін, оның ішінде Әл-Фараби көшесін жарықтандыру бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүргізілді. |
|
2. |
Каменка ауылы Н.Сабодовский көшесіндегі электрмен жабдықтау желісіне жөндеу жүргізу туралы |
А.Н. Кулинич, «Ақмола электр тарату компаниясы» АҚ Астрахан аудандық электр желілерінің басшысы 01.09.2021 |
Орындалды. Астрахан АЭЖ жұмыс жоспарына сәйкес Каменка ауылының көшелерін электрмен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді (ағаш тіректерді бетонға ауыстыру, электр беру желілерін ауыстыру). |
|
3. |
Жаңа-Тұрмыс ауылына кірме жолына жөндеу жүргізу туралы |
С. Г. Мұхаметжанов, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 01.11.2021 |
Орындалуда. Жаңа-Тұрмыс ауылына кіреберіс жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер қайта өткізілді. "Даниал" ЖК-мен 2 млн.теңге сомасына жұмыстар жүргізуге шарт жасалды. Шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі 2021 жылғы 20.10. |
|
4. |
Жалтыр ауылына кірме жолына жөндеу жүргізу туралы |
С. Г. Мұхаметжанов, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 01.10.2021 |
Орындалды. Жалтыр ауылының кірме жолына орташа жөндеу жүргізуге 71,5 млн.теңге сомасына "MK-group" ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстар аяқталды. |
|
5. |
Жалтыр ауылындағы көше-жол желісіне жөндеу жүргізу туралы |
С. Г. Мұхаметжанов, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 01.10.2021 |
Орындалды. Жалтыр ауылының көше-жол желісіне жөндеу жүргізуге. Жұмыстарды "Gruss"ЖШС жүргізді. Жұмыстар аяқталды. |
|
6. |
Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелерін орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу туралы |
Ж.Б.Ілиясов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы 01.10.2021 |
Орындалды. Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелері бойынша жылу желілерінің құрылысы бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Жұмыстар 151,2 млн.теңге сомасына "Азияэнергопроект-монтаж" ЖШС жүргізілді. Жұмыстар толық көлемде жүргізілді. Аталған көшелердің абоненттерін орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. |