2021 жылы 1 қыркүйектегі Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы

Кірістер

          2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере отырып 2 669,4 млн.теңге немесе жоспарға 104,5 % түсті (1.09.2020 жылы – 103,4%).

          Меншікті кірістер бойынша 548,5 млн.теңге немесе жоспарға 126,5% түсті (табыс, әлеуметтік салықтар түсімдері, мүлікке салықтар, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы, акциздер, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен  114,8 млн.теңгеге  асыра орындалды).

 

Шығыстар

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 0,2 пайыздық тармаққа ұлғайып 100,0 % немесе  2 660,8 млн. теңгені құрады, жоспарға 2 661,8млн. теңге игерілмеген 1,0 млн. теңге, оның ішінде:

 

Республикалық бюджеттен трансферттер 98,4 млн.теңге жоспарында  98,1 млн. теңге немесе 99,7 % игерілді.

Облыстық бюджеттен трансферттер –  366,3 млн. теңге жоспарында  366,3 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді.

Кредиттер – 42,4 млн.теңге жоспарында 100,0 % игерілді.

Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып  2 154,7 млн.теңге жоспарында  2 154,0 млн.теңге немесе  100,0% орындалды. Қаражат қалдығы 0,7 млн. теңге сомасында.

2021 жылы 1 қыркүйектегі Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 156,9 млн.теңгені немесе аудан бюджетінің жалпы көлемінен 5,9% құрайды, 156,9 млн.теңге немесе 100,0 % игерілді.

2021 жылы 1 қыркүйектегі Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы
Дата публикации
03 сентября 2021