Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
65-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
- Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн.
66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi
- Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерiн осы бөлімнің Ерекше бөлiгiнiңбабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады.
- Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.
- Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 41және 52-баптарында көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
- Осы Кодекстiң 56және 57-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа кезде, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
- Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.
68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
69-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
- Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн:
1) заңды түсiндiру;
2) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;
3) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
- Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.
- Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстiң 890-бабыныңбірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
70-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
- Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
- Келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы және оның тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
- Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытты өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралын басқарумен байланысты нысандарды пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын шектеу, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адам) рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуға тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстiң 54-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкiн.
71-бап. Ескіру мерзімдері
Осы Кодекстiң 62-бабында көзделген ескіру мерзiмдері кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысына қысқартылады.
72-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай iшiнде осы жазаға тартылды деп есептеледi.