Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін қайда жүгіну керек?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына:

  1. Базалық және ортақ зейнетақы тағайындау кезінде,
  2. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жүгіну қажет.

Яғни, зейнет жасына толған азамат бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен БЖЗҚ-дан да, мемлекеттік бюджеттен де зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне (ХҚКО) жүгінеді.

Салымшы төлемдер алу үшін БЖЗҚ-ға:

  1. I және II топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген кезде,
  2. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін жүгінуі қажет.

Айта кетейік, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте онлайн режимінде беруге болады. 

Дата публикации
04 августа 2021