ҚОРДЫҢ ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕРІ

📍 Қор бөлімшесіне бармай, www.enpf.kz сайттынан 10-нан астам электрондық қызметтерді алуға болады.

Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде Сіз келесі қызметтерді ала аласыз:

🔸 Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қызмет көрсетуге өтініш беру

🔸 Қызмет көрсетуге кезекті брондау

🔸 Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені e-mail арқылы алу (Қор базасындағы қолданыстағы e-mail мекен-жайы болған жағдайда)

🔸 Төлемге құжаттарын алдын ала тексеру

🔸 Қорға өтініш жолдау

🔸 Зейнетақы калькуляторын пайдалану

🔸 Қорға онлайн қоңырау шалу

🔸 Кері қоңырауға тапсырыс беру

Жеке кабинетте «Қызметтер» бөлімінде Қордың келесі онлайн қызметтерін алуға болады:

🔹 Үзінді көшірмені қалыптастыру 

🔹 Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу

🔹 Төлем / аударым өтінімінің мәртебесін тексеру

🔹 Зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу

🔹 Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру 

🔹 Ақпараттандыру тәсілін «Интернет арқылы» деп өзгерту

❗Кейбір қызметтер үшін ЭЦҚ қажет.

Дата публикации
04 августа 2021