Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама

«Астрахан ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ 2021 жылдың 13 тамыз сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүліктің тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншік объектісін сату бойынша аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды. 

Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады.
Бағаны көтеру аукционы:
Лот  1. ГАЗ 322132 17 маркалы автомобилі, мемлекеттік нөмірі С873BU. Бастапқы бағасы 718 046 теңге. Кепілдік жарна 107 707 теңге.
Аукционның қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Аукционға қатысуға кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізеді:
Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ; банк – «Қазақстан халық банкі» АҚ; ЖСК KZ946017111000000330, БСК HSBKKZKX, БСН 050540004455; БЕК 16; ТТК 171; Төлемнің тағайындалуы –аукционда қатысу үшін кепілдік жарна (лоттың атауы) кепілдік жарнаның мөлшеріне банктік қызметтердің төлемі кірмейді.
Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1). Жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
2). Заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауы, бірінші басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
3).Кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4). Байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
5).Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның қолданылу мерзімі (бұдан әрі-ЭЦҚ).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін: осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға электрондық өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. 
Назар аударыңыз!!! Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз қатысу және тіркеу талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын кепілді жарнаның түспеуі болып табылады. Аукционға қатысушылар аукционның басталуына бір сағат қалғанда аукцион залына кіреді.
Бағаны көтеру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда өткізген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күнтізбелік он күннің ішінде электрондық форматта тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.    Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайты және 8(71641)22373 телефоны, және Астрахан а. Әл-Фараби көш. 50, 30 каб. арқылы білуге болады.

Дата публикации
02 августа 2021