2021 жылғы 25 шілдеде Астрахан ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін жеті сайлау округі бойынша сайлау болды.
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына,113-10 бабына сәйкес, Астрахан ауданының Каменка ауылы және ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Каменка сайлау округі
Каменка ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 401 азамат енгізілді, олардың 274-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "Барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 5.Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қасен М. Қ. – 50; Квинт Н.В.– 4; Липковский Е.В. – 211.
Каменка ауылының әкімі Липковский Евгений Витальевичсайланды, 1980 жылы туған, Астрахан ауданы "Каменка ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметкері, Каменка ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалымен ұсынылды.
Жалтыр сайлау округі
Жалтыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3161 азамат енгізілді, олардың 1612-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 58, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 283.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Иманқұлов А. Ө. – 1046; Имантаева А. Қ.– 138; Сулейманов Ф. Н. -87.
Жалтыр ауылдық округінің әкімі Иманқұлов Амангелді Өскінбайұлысайланды, 1970 жылы туған, Астрахан ауданының "Жалтыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Жалтыр ауылдық округінің Жалтыр ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалымен ұсынылды.
Есіл сайлау округі
Есіл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 992 азамат енгізілді, олардың 919-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мұхамеджанов Б.Ж.– 90; Овчинников Е. А.– 674; Чердаков А. А. – 148.
Есіл ауылдық округінің әкімі Овчинников Евгений Александрович сайланды, 1980 жылы туған, Астрахан ауданының "Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Есіл ауылдық округінің Зеленое ауылында тұрады, оны "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалы ұсынылды.
Николаев сайлау округі
Николаев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 923 азамат енгізілді, олардың 869-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Газизханов А.З.– 163; Лысенко Е.Л.– 659; Яцук Н. В. – 39.
Николаев ауылдық округінің әкімі Лысенко Елена Леонидовна сайланды, 1969 жылы туған, Астрахан ауданының "Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Николаев ауылдық округінің Петровка ауылында тұрады, оны "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалы ұсынылды.
Острогорск сайлау округі
Острогорск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 468 азамат енгізілді, олардың 426-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аманжолова Б. К.– 95; Құрман Т. – 308; Мұхамадиева Л. Н. – 15.
Острогорск ауылдық округінің әкімі Құрман Табиғат сайланды, 1978 жылы туған, Астрахан ауданының "Острогорск ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Острогорск ауылдық округінің Новый Колутон ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалымен ұсынылды.
Первомай сайлау округі
Первомай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1637 азамат енгізілді, оның 1442-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Балғабаев Ж.Б.– 373; Егінбаев К. А.– 962; Литке К. О. – 99.
Первомай ауылдық округінің әкімі Егінбаев Қанат Айтуарұлы сайланды, 1984 жылы туған, "Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Первомай ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ директоры, Николаев ауылдық округінің Петровка ауылында тұрады, "Nur Otan "партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалымен ұсынылды.
Ұзынкөл сайлау округі
Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 277 азамат енгізілді, олардың 257-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" жолда белгі қойылған - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амантаева Э.Т.– 11; Мұхамеджанов Ж. М.– 185; Рябухин С. В. – 56.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Мұхамеджанов Жанат Маратұлы сайланды, 1961 жылы туған, Астрахан ауданының "Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Ұзынкөл ауылдық округінің Ұзынкөл ауылында тұрады, оны "Nur Otan"партиясы қоғамдық бірлестігінің Астрахан аумақтық филиалы ұсынылды.