Астрахан ауданы Каменка ауылы және ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
2021 жылғы 15 шілдеде Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Каменка ауылы және Астрахан ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» хаттамасы қабылданды.
Астрахан ауданы Каменка ауылы және ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахимов Бахтияр Канатович баяндама жасады.
Ол 2021 жылдың 14 шілдесіндегі сағат 18-дегі жағдай бойынша Астрахан аудандық сайлау комиссиясымен Каменка ауылы мен ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған 26 кандидаттың 23 тіркелгенін хабарлады.
Тіркелген үміткерлердің ішінде 14 (60,9%) ер адам және 9 (39,1%) әйел адам бар.
Мамандықтар бойынша: 11 - оқытушылар, 3 - инженерлер (энергетиктер, құрылысшылар, механиктер, техниктер), 3 - ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, ветеринариялық дәрігерлер және басқалар), 2 – заңгерлер, 1 – саясаттанушы, 3 - басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: 10-бюджет саласының қызметкерлері, 5 - аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, 4 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1 – мемлекеттік қызметшілер, 3-басқалары.
2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап Каменка ауылы және Астрахан ауданының ауылдық округ әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
|
1. Есіл а/о |
||
|
1 |
Овчинников Евгений Александрович |
а/о әкімі |
|
2 |
Чердаков Андрей Александрович |
ЖК |
|
3 |
Мухамеджанов Башир Жанатович |
"Зульфира"АӨК төраға |
|
2. Жалтыр а/о |
||
|
1 |
Иманкулов Амангельды Ускунбаевич |
а/о әкімі |
|
2 |
Сулейманов Фарид Нуруллович |
"ҚТЖ" АҚ Жалтыр ауылы материалдық қойма бастығы |
|
3 |
Имантаева Айбат Конысбаевна |
Астрахан а. № 1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі |
|
4 |
Жумагулов Омар Хамитович |
"МТҚБ автошаруашылығы" ШЖҚ РМК, Нұр-Сұлтан қ. көлік құралдарын пайдалану қызметі бастығының орынбасары |
|
3. Каменка ауылы |
||
|
1 |
Липковский Евгений Витальевич |
"Каменка ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметкері (ІІМ зейнеткері) |
|
2 |
Қасен Мирас Қасенұлы |
ІІМ зейнеткері |
|
3 |
Квинт Наталья Владимировна |
АТК оқытушысы |
|
4. Николаев а/о |
||
|
1 |
Лысенко Елена Леонидовна |
а/о әкімі |
|
2 |
Газиханов Адам Зайндинович |
ШҚ |
|
3 |
Яцук Наталья Викторовна |
Приишимка а. ООШ тарих пәнінің мұғалімі |
|
5. Острогорск а/о |
||
|
1 |
Курман Табигат |
а/о әкімі |
|
2 |
Аманжолова Бархыт Константиновна |
Жаңа Колутон а. ООШ қазақ тілі мұғалімі |
|
3 |
Мухамадиева Ляззат Нурбековна |
Первомай а.ООШ информатика мұғалімі |
|
4 |
Нуркина Айгерим Жандосовна |
ҚР ТЖМ Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы |
|
6. Первомай а/о |
||
|
1 |
Егинбаев Канат Айтуарович |
Первомай ОМ директоры |
|
2 |
Литке Кульшат Омурбековна |
АТК оқытушысы |
|
3 |
Балгабаев Женысхан Баймуханович |
АТК оқытушысы |
|
7. Ұзынкөл а/о |
||
|
1 |
Мухамеджанов Жанат Маратович |
а/о әкімі |
|
2 |
Рябухин Сергей Владимирович |
ШҚ |
|
3 |
Амантаева Эльмира Толегеновна |
АТК оқытушысы |