Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Астрахан ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округ әкімдікке кандидат болып, 1986 жылы туған, ҚР ТЖМ Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бас маман, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Нуркина Айгерим Жандосовна тіркелсін.
2. Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылдық округ әкімдікке кандидат болып, 1961 жылы туған, "МТҚБ автошаруашылығы" ШЖҚ РМК, Нұр-Сұлтан қ. көлік құралдарын пайдалану қызметі бастығының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жумагулов Омар Хамитович тіркелсін.
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
14.07.2021