«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Республикалық бюджет қаражатынан өтелетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат шығыстарының келесі мөлшері белгіленсін:
- мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;
- бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
3) бағдарламамен радиода сөйлеу 10 минут - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) транспорттық шығындар - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
- Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Комиссия төрағасы М.Садуов
Комиссия хатшысы Н.Политкин