Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Астрахан ауданының Каменка ауылы және Жалтыр, Есіл, Николаев, Остогорск, Первомай,Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдеріне 13 кандидаттардан «өзін-өзі ұсыну» тәртібімен құжаттар келіп түсті.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.