Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясы Астрахан аумақтық филиалынан Каменка ауылының және Жалтыр, Есіл, Николаев, Острогорск, Первомай, Ұзынкөл ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың құжаттары келіп түсті.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.