2021 жылғы 1 шілдедегі аудан әкімінің, Астрахан ауданының ауылдық округтердің және Каменка ауылы әкімінің 2021 жылғы қаңтар-ақпанында халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы АҚПАРАТ

р/с

Тапсырмалар

Жауапты орындаушылар.

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Астрахан ауылының Астрахан №1 орта мектебінен Әл-Фараби көшесін жарықтандыруды өткізу туралы

К.Қ.Аркенов,

Астрахан ауылдық  округінің әкімі

01.08.2021

Орындауда.

Астрахан ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар шілде айында жоспарланған, оның ішінде Астрахан ауылының №1 Астрахан орта мектебінен Әл-Фараби көшесі де бар.

2.

Каменка ауылы Н.Сабодовский көшесіндегі электрмен жабдықтау желісіне жөндеу жүргізу туралы

А.Н. Кулинич,

«Ақмола электр тарату компаниясы» АҚ Астрахан аудандық электр желілерінің басшысы

01.09.2021

Орындауда.

Астрахан АЭЖ жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. шілде-тамыз айларында Каменка ауылында электрмен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу (ағаш тіректерді бетонға ауыстыру, электр беру желілерін ауыстыру) жоспарланған.

3.

Жаңа-Тұрмыс ауылына кірме  жолына жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.10.2021

Орындауда.

Жаңа-Тұрмыс ауылына кіреберіс жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер өткізілді. "Nord-West" ЖШС-мен 9,9 млн.теңге сомасына жұмыстар жүргізуге шарт жасалды.

4.

Жалтыр ауылына кірме жолына жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.10.2021

Орындалды.

Жалтыр ауылының кіреберіс жолды орташа жөндеу жүргізуге 71,5 млн.теңге сомасына "MK-group" ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстар орындалды.

5.

Жалтыр ауылындағы көше-жол желісіне жөндеу жүргізу туралы

С. Г. Мұхаметжанов,

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

01.10.2021

Орындалды.

Жалтыр ауылының көше-жол желісіне жөндеу жүргізуге "Gruss" ЖШС-мен 38,7 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Жұмыстар орындалды.

6.

Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелерін орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу туралы

Ж.Б.Ілиясов,

құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

01.10.2021

Орындауда.

Астрахан ауылының Пушкин және Молодежная көшелері бойынша жылу желілерінің құрылысы бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Жұмыстарды жүргізуге "Азияэнергопроектмонтаж" ЖШС-мен 151,2 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
28 июня 2021