Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 10/17 Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулысы

Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округтері

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан орыны:Астрахана., Әль-Фараби к. 50, Астрахан ауданы әкімі аппаратының ғимараты, тел: 8 (71641) 2-30-88.

 

Сайлау комиссиясының құрамы:

 

Комиссия төрағасы – Рахимов Бақтияр Қанатұлы

Комиссия төрағасының орынбасары – Сағынаев  Балташ  Серікұлы

Комиссия хатшысы – Салықбаева Марал  Серікқызы

 

Комиссия мүшелері: Абдірахманов Болат Амангелдіұлы, Аубәкіров Ербол Адамұлы, Смирнова Светлана Ивановна, Ажикова Тамила Айтмағамбетқызы.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы

25 маусымдағы № 10/17

Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округтері

әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулысы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астрахан ауданы Каменка ауылы және Жалтыр, Есіл, Николаев, Острогорск, Первомай, Ұзынкөл ауылдық округтері әкімінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.

2.Әкімдікке кандидаттарды ұсыну балама негізде 2021 жылғы 26 маусымда басталып 09 шілде аяқталады.

              3.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2021 жылғы 14 шілде аяқталады.

  1. Сайлау алдындағы үгіт 2021 жылғы 14 шілдесінен сағат 18:00 басталып,

24 шілде 00:00 сағатта аяқталады.

5.2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қаулысы бекітілсін.

  1. Осы қаулы Астрахан аудандық мәслихатына, аудан әкімінің аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

                            Астрахан ауданының

                                                                     аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

        Б.Рахимов

                                                                      Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы

              М.Салықбаева

Дата публикации
25 июня 2021