Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Астрахан аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округ

әкімдерін сайлау бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына,  21 бабының               4 тармағына, 22 бабына сәйкес Астрахан аудандық сайлау комиссиясы     ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астрахан ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімінің сайлау жөнінде сайлау округтерін құру:

1) Каменка ауылының әкімі - Каменка ауылының шекарасындағы Каменка сайлау округі;

2) Жалтыр ауылдық округінің әкімі - Жалтыр ауылдық округінің шекарасындағы Жалтыр сайлау округі;

3) Есіл ауылдық округінің әкімі – Есіл ауылдық округінің шекарасындағы Есіл сайлау округі;

4) Николаев ауылдық округі әкімі – Николаев ауылдық округі шекарасындағы Николаев сайлау округі;

5) Острогорск ауылдық округінің әкімі – Острогорск ауылдық округінің шекарасындағы Острогорск сайлау округі;

6) Первомай ауылдық округінің әкімі – Первомай ауылдық округінің шекарасындағы Первомай сайлау округі;

7) Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі - Ұзынкөл ауылдық округінің шекарасындағы Ұзынкөл сайлау округі.

  1. Астрахан ауданы әкімдігінің, Астрахан аудандық мәслихатының ғаламтор-парағында және «Маяк» аудандық газетінде шекаралар және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетуімен сайлау округтерінің тізімі жариялансын.

 

 

Астрахан аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Б. Рахимов

 

Астрахан аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 М. Салықбаева

 

 

 

Астрахан ауылы,

2021 жылғы 25 маусымдағы

№ 10/17

Дата публикации
25 июня 2021