2021 жылдың 1 шілдесіне дейін «Еңбек жолы» конкурсына, мына номинациялар бойынша, қатысу үшін өтінімдер қабылданады:
Ең үздік еңбек династиясы.
Еңбек динстиясы – бір отбасының жақын туыстарының бір немесе одан да көп ұрпақтарынан тұратын (ерлі-зайыптының біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта осы кәсіпорында еңбек ететін және осы кәсіпорындағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Династия басшысы- еңбек династиясының еңбек жолын бәрінен бұрынырақ бастаған өкілі болып табылады.
Еңбек династиясы ауданның, ауылдың (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсене қатысуға, жастардың кәсіптік бағдар алуына ықпал етуге, өзінің мамандығын насихаттауға тиіс.
Жұмысшы жастардың ең үздік тәлімгері.
Бұл номинацияға жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес ең жоғары тиімді тәлімгер сайланады.
Өндірістің ең үздік жас жұмысшысы.
Бұл номинацияға өндірістің жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес ең белсенді және еңбексүйгіш жас жұмысшысы сайланады.
Конкурс жеңімпаздарына мына сомалардағы ақшалай сертификаттар тапсырылады:
1 орын – 1 000 000 (миллион) теңге
2 орын - 500 000 (бес жүз мың ) теңге
3 орын – 200 000(екі жүз мың ) теңге.
Конкурстың өткізілуі, қатысуға өтінім беру мәселелері бойынша мына телефондарға қоңырау шалуға болады: 2-25-34, 2-32-41. Конкурс өткізу шарты Астрахан ауданы әкімінің сайтында жарияланған.