475,8 млрд теңге - 2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 мамыры аралығындағы есептелген таза инвестициялық табыс сомасы

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 мамыр аралығында 3,8% болса, инфляция 2,7%  құрады. Соңғы 12 айда кірістілік 9,8%, ал осы кезеңдегі инфляция 7,0% болды.

Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістен тұрады. Инвестициялық табыс – бұл зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған табыс.

Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) салымшылардың сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде басқарады.

Зейнетақы жинақтары әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты құны үнемі өзгеріп отыратын түрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетел валюталары және т.б.) инвестицияланады. Сондықтан инвестициялық табыс ұлғаюы да, азаюы да мүмкін.

Инвестициялық табыс апта сайын есептелетіндіктен, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгереді. Сондықтан инвестициялық кіріс теріс болған жағдайда зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, ал оң болған жағдайда артады.
Зейнетақы жинақтары-бұл ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды және инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезең үшін талдау орынды.

Қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3 теңгеде және шамамен 1/3 – шетел валютасында, соңғыларының басым бөлігі АҚШ долларында номиналданған.
⠀
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылатын қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтында (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын жаңартылып отырылады.

Дата публикации
02 июня 2021