Кірістер
2021 жылы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере отырып 730,7 млн.теңге немесе жоспарға 105,8 % түсті (1.04.2020 жылы – 108,5%).
Меншікті кірістер бойынша 182,8 млн.теңге немесе жоспарға 128,4% түсті (табыс салығы, әлеуметтік салық түсімдері, мүлікке салықтар, жер слығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы, акциздер, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, мемлекеттік баж, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен 40,4 млн.теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы өзгермей болып 99,9 % немесе 694,2 млн. теңгені құрады, жоспарға 694,6 млн. теңге игерілмеген 0,4 млн. теңге, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен трансферттер 18,9 млн.теңге жоспарында 18,9 млн. теңге немесе 99,7 % игерілді.
Облыстық бюджеттен трансферттер – 3,6 млн. теңге жоспарында 3,6 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді.
Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып 672,1 млн.теңге жоспарында 671,7 млн.теңге немесе 99,9% орындалды. Қаражат қалдығы 0,4 млн. теңге сомасында.
2021 жылы 1 сәуірдегі Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 0,6 млн.теңгені немесе аудан бюджетінің жалпы көлемінен 0,1% құрайды, 0,6 млн.теңге немесе 100,0 % игерілді.