Хабарлама

Енді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (ЭҮТШ) QR- кодты сканерлеумен  «Kaspi. kz» мобильді қосымшасы арқылы ыңғайлы төлемдер қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер үшін және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің осы әдісін пайдалану үшін «электрондық үкімет» веб-порталында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушісінің кабинетінде қызметке тапсырыс беру жеткілікті, еlicense.kz немесе ХҚКО филиалдарында, кейіннен ЭҮТШ бетінде «QR-code» – Kaspi. kz-ты таңдау және құрылған кодты Kaspi. kz  мобильды қосымшасында скенерлеу қажет.

ЭҮТШ- төлем картасымен, электрондық әмиянмен, мобильді теңгерім сияқты төлем тәсілдері бар.

«Kaspi. kz» арқылы төлем жүргізу халық арасында танымал тәсілдердің бірі болып табылады және төлемді өңдеу уақытын қысқартуға және мультикассаларға жүгінуді болдырмауға, сонымен қатар комиссия ақысын шегерусіз банк шарттарымен төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
02 апреля 2021