«Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ-де (бұдан әрі-Аппарат) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау және мониторинг жөніндегі функциялар Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген

«Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ-де (бұдан әрі-Аппарат) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау және мониторинг жөніндегі функциялар Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

 3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

 4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

 5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

 6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

 7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;

 8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

 9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

 11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Әлеуметтік желілерге, мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына Мемлекеттік қызметке кір келтіретін фотосуреттерінің, посттарының және басқа да ақпараттарының болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 4-тармағына сәйкес кадр қызметі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша түрде танысады.

Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Астрахан ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдауды, мекемелердің ұжымдарымен ауылдық округтерге шығумен кездесулерді өткізеді. Мекеме ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалға талдау жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің сенім телефоны орнатылған. Сенім телефонының нөмірі 2-25-35.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Дата публикации
26 марта 2021