Старый Колутон ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы оның аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған, Қазақстан Республикасының Конституциясымен реттеледі.
Жергілікті жерлердегі мемлекеттік атқарушы органдар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мәселелерді, аудан әкімінің, жоғары тұрған органдар басшыларының қаулылары, шешімдері, өкімдері, тапсырмалары негізінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына "Жана жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауында берген тапсырмаларын орындауға жауапты болады.
Біздің ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты және серпінді сипатта.
2020 жылғы өткен кезеңде округ аумағының адам саны 1149 құрады, округте 6 бала дүниеге келді, 25 адам қайтыс болды. Экономикалық белсенді халық 634 адамды құрайды, оның ішінде жұмыс істейтіндер 380 адам, жеке негізде жұмыс істейтіндер 30, жеке қосалқы шаруашылықта 224 адам, 189 зейнеткер тұрады.
Старый Колутонда АДА, 2 ФАП, кітапхана, клуб, Старый Колутон ауылының пошта бөлімшесі, сандық телефон станциясы жұмыс істейді.
Ауылдық округ әкімі аппараты өз жұмысын болашақ жоспар негізінде құрайды.
2020 жылы Старый Колутон ауылдық округі бойынша келесі жұмыстар атқарылды: 7 жеке тұлғаның өтініштері қаралды. Азаматтардың ауызша өтініштері бойынша 8 жеке тұлға қабылданды. Азаматтарды жеке қабылдау кесте бойынша сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау ауылдық округ әкімі аппаратының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Округте тұрғындар үшін ақпараттық баннер орнатылды, ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша стендтер рәсімделді, egov.kz бұрышы жұмыс істейді. Жеке және заңды тұлғалар ауылдан шықпай-ақ электрондық порталдан анықтама ала алады, тұрғындар оны белсенді пайдалануда. Ауылдық округпен ЭЦҚ алуға 140 азаматқа көмек көрсетілді.
2020 жылы көрсетілген қызметтер саны - 34: оның ішінде 24 мемлекеттік қызмет - шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау, 6- сауда –саттықты (конкурстарды, аукциондарды) –өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенті бұзылмаған, көрсету сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері жоқ.
Есепті кезеңде ауылдық округ әкімінің 60 өкімі шығарылды. Құжат айналымы бойынша 557 шығыс , кіріс 364 құжат түсті.
Ауылдық округте 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, ол 3 жалғыз басты зейнеткерге қызмет көрсетеді.
Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер қатарынан тұрақты жұмыс орындарына 7 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар қатарынан 3 адам көшелерді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізді.
Ауылдық округ әкімінің аппаратымен әр шаруашылық бойынша есепке алу жылына екі рет жүргізіледі. Учаскелік инспектор 115 әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде үй жанындағы аумақты көң мен қоқыстан тазарту бойынша.
Тіркеу комиссиясына 2021 жылдың қаңтар айында 2004 жылы туылған 8 жасөспірім жіберіледі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне осы күнге 1 адам шақырылған.
Ауылдық округте жыл сайын жылжымалы флюроография пункті жұмыс істейді, 2020 жылы 647 адам флюро тексеруден өтті.
Старый Колутон ауылының балалары мен тұрғындары үшін 2020 жылы жаңа спорт алаңы орнатылды. Спорт алаңында тренажерлер, балалар ойын элементтері және басқа да жабдықтар орнатылған.
Мерекелер мен іс-шараларды өткізуге демеушілер "СХП Колутон-04" ЖШС, жеке кәсіпкерлер болып табылады. Тыл еңбеккерлер, зейнеткерлер мен мүгедектерге 597 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
2020 жылдың 1 қаңтарына ММ АБШ қаражат қалдығы 978,5 мың теңгені құрады. Жоғары тұрған органдардан трансферттер (салық) түсті – 12983,7 мың теңге, салық 1937,5.
ММ АБШ 15528,0 мың теңге жұмсалды, игеру 100%. 2021 жылдың 1 қаңтарына қалдық 371,7 мың теңге.
Старый Колутон ауылдық округінің проблемалық мәселелері болып қалады: Ауыл көшелерінде жарық болмауы. Қоскөл ауылында медицина қызметкерінің болмауы өзекті мәселе болып отыр. Старый Колутон ауыл мектебі күрделі жөндеуді қажет етеді.
2021 жыл үлкен датамен белгіленді-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Халықтың бірлігі мен өзара іс-қимыл арқылы бізге алдымызға қойылған міндеттерді белсенді шешуге мүмкіндік береді, мұның бәрі ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Біздің округ-біздің ортақ үйіміз, біздің округтің болашағына бей-жай қарамайтын адамдар тұрады деп сенемін, бірге жоспарлағанымызды орындаймыз.