Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылда атқарған жұмысы және 2021 жылға қойған міндеттер туралы есеп

Жаһандық коронавирус жағдайында, біздің де елімізді айналып өтпеген өте қиын кезінде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым – Жомарт Кемелұлы Токаев Қазақстан халқына «Жаңа Жағдайдағы Қазақстан – іс қимыл кезені» үндеуін жария етті. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы-республиканың әр бір тұрғыны үшін өте маңызды окиға. Жолдауда ел мен қоғамды одан әрі дамытудың көрінісі көрсетілген, казакстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағыталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген.

Басты міндет – әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығы, жұмыс орындары және халықтың табысын сақтап қалу, азаматтарымыздың құқықтық қауіпсіздігі, заңдылықтың сақталуы жемқорлықпен күресуі.

          Қызылжар ауылдық округі 1330 адам тұрады. Экономикалық белсенді халық 734 адам құрайды немесе 53,5%.                                                                                                                                                                     Зейнеткерлер – 199 адам, мүгедектер – 34, мектепке дейінгі жастағы – 125, мектеп жастағы 185.

Округте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға үнемі жұмыс жүргізіліп жатыр.Біз ЕГОВ электрондық үкімет арқылы қызмет көрсетеміз.            Egov арқылы 199 қызмет көрсетілген.Ауылдық округініңәкімінің аппаратына 6 мемлекеттік қызмет көрсетілген, 11 өтініш түсті. Барлық өтініштер қаралып, уақытында қанағаттандырылды.                 

Біздің ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айта отырып, халықтың өмір сүру жағдайын айтпай кетуге болмайды. 

          Жаңатұрмыс ауылында наубайхана жұмыс істейді (ЖК «Блялов А.Т.) нан пісіреді. Оксановка ауылында 2 наубайхана бар.

Бірінші қажетті тауарлармен 14 дүкен қамтамасыз етуде (Жанатұрмыста – 7, Акимовкада – 3, Оксановкада – 4). Жеке аулалардан сүтті Бұланды ауданы АТК «Содружество» сатып алады, бір литр 100 теңге.

          Жыл сайын округтің барлық ауылдарында санитарлық тазалау, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізіледі. 8 сенбілік өткізілді.

Әлеуметтік әл-ауқатына қатысты, ауылдық округ әкімдігі оны қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолға алуда. Шын мұқтаж адамдар қамтылған. Біздің бақылауымызда мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер. 2 әлеуметтік қызметкер 5 жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсетуде. 2020 жылда атаулы әлеуметтік көмек алуға 15 отбасы тіркелген.Оның ішінде 85 адам. 3 млн 335 мың теңге көлемінде жәрдемақысы тағайындалды. Тұрмыстық көмекке 6 жанұяға 318 мың 24 теңгекөлемінде көрсетілді. Қосымша әлеуметтік көмек 7 адам алды соммасы 986 мың 65 теңге.14 адам ақылы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Жұмысыздықтардың арасынан бір адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2020 жылда «Bastau Бизнес» бағдарламасы бойынша 13 адам оқитылды. 5 адам грантқа ие болды. Көп балалы отбасылар жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер арасынан 19 отбасыларына азық-түлік жиынтықтары түрінде көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша 6 балаға көмек көрсетілді. Жастар практикасына 1 адам жіберілді.

Келер ұрпақ мәселелеріне қай кезеңде болмасын көп көңіл бөлінеді.

Қызылжар орта мектебінің қазақ және орыс сыныптарында 105 оқушы оқиды. Акимовка негізгі мектебінде 29 оқушы оқиды. Оксановка негізгі мектебінде 72 оқушы оқиды. Жаңатұрмыс ауылында 40 адамға арналған «Балдаурен-1» балабақшасы бар. Акимовка мен Оксановка мектептерінде шағын орталық жұмыс істеуде. Білім сапасы – қанағаттанарлық, Қызылжар орта мектебі бойынша 2020 жылы ҰБТ орташа баллы 70,75 %.

Еліміздің басты міндеттерінің бірі дені сау ұлт тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатпен ауылдық округ аумағында 3 медициналық пункті жұмыс жасайды. 2020 жылға туберкулез ауруымен тіркелген жоқ. Жыл басынан 21 бала туылды. Флюрографиядан 835 адам өтті.  Ауылдық округінің аумағында эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының шеңберінде мемлекеттік басқару функциялары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастық жиналысы және жергілікті жиыны арқылы өтеді, онда ауылдық округінің даму мәселелері қарастырылады.

          ҚБШ есебінен:

          -Жаңатұрмыс ауылында 1386 шаршы метр ұзындығымен 1 млн 700 мың теңге ауыл ішіндегі жолдарына;

          -Оксановка ауылында балалар ойын алаңың орнату, соммасы 390 мың теңге;

          -Жаңатұрмыс ауылында Абылай хан көшесінде ағаштан жасалған қоршау орнатуға, соммасы 172 мың теңге;

          -Қысқы кезеңде ауылдық округтің кірме және кентшілік жолдарын тазалау, соммасы 250 мың теңге;

          -Қанғыбас иттерді аулауға және жоюға, соммасы 200 мың теңге.

2020 жылда Жаңатұрмыс ауылында жаңа сү жүйесі іске қосылды, соммасы 657 мың теңге.

2020 жылдың 15 желтоқсанында Жаңатұрмыс ауылында Набережная көшесінде көше жарығы қосылды. Осы оқиға «Алмаз-Агро» ЖШС директоры Д.Р. Сагнаевтың демеушілік қолдауымен іске асырылды.

Оксановка ауылында байланыс сапасын жақсарту үшін  «Актив» мобилдік байланыс орнатылды.

Ауылдық округ аумағында екі ауылдық клуб, бір кітапхана бар.

         

Округтің келешек даму бағдарламасы келесі негізгі тапсырмалардан тұрады:

          1.Жаңатұрмыс ауылдың көшелерін жарықтандыру.

     2.Жаңатұрмыс ауылындағы ішкі жолдарын жөндеу.

 

         

          Ауылдық округінде жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру. Осы мақсатқа жету үшін халықпен меншік өкілдері барлығымыз күш-жігерімізді біріктіруіміз керек.Кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.  Әлеуметтік қорғау бағдарламалар, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіби оқыту, жастар іс-тәжірибесі бағдарламалар әлі де басты назарымызда болады.Бұл шаралар біздің азаматтарымыздын өмір сүру деңгейін сақтау және жақсартуға мүмкіндігін береді.

Дата публикации
22 января 2021