Қайырлы күн құрметті тыңдаушылар, есеп беру кездесуінің қатысушылары!
Менің есеп беруім барысында, сіздер тікелей эфирде сұрақтар немесе ұсыныстар қоя аласыз, әкімдікте орналасқан арнайы жәшікке жазбаша түрде жібере аласыз, 87774753369 телефон нөмірі бойынша қоңырау шаласыз немесе whatsapp-қа хабарлама жаза аласыз.
Өткен жылдың 1 қыркүйек күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын жария етті. Жолдаудағы айтылған талаптарды орындау мақсатында Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты болашаққа жоспар жасап, өз жұмысын, «Адал көмек» жобасы шеңберінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде іске асыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңа, басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Барлық жұмыстар ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып жасалған перспективалық жоспар негізінде жүргізілді.
2020 жылдың наурыз айынан бастап пандемия бәріміз үшін стресс - тестке айналды, сондықтан қазіргі жағдайда біздің алдымызда тұрған басты міндет - әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын сақтау.
Баяндамаға кіріспес бұрын, сөз басында өткен жылғы есеп беру кездесуінде қойылған мәселеге тоқталғым келеді, ол Ұзынкөл ауылының халқын әрбір үйге суды кіргізе отырып, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты болған. Есеп беру кездесу барысында геологиялық - барлау жұмыстары жүргізіліп, оң нәтиже алған жағдайда 2023 жылға дейін Ұзынкөл ауылында су құбыры құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленетіні туралы түсініктеме берілді.
Біздің ауылдық округтің ауыл шаруашылық құрылымдары ауданымыздың 1/3 жеріне егін егіледі. Жыл сайын инвестицияға: техника, жабдық , агрегаттар сатып алуға салым өсіп келеді. Өткен жылы инвестиция өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 200% құрады. Тек «Ізбасаров және К» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі 949 миллион теңгеге техника мен жабдық сатып алды. 2020 жылы жалпы инвестиция сомасы 1 миллиард 330 миллион теңгені құрады. «Целина-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. 2020 жылы қазақтың ақбас тұқымды 80 бас бұқашығы сатып алынды, оларды ұстау үшін 40 млн.теңгеге жаңа мал шаруашылығы базасын салды. «Әсел» шаруа қожалығында жыл сайын мал басы өсуде, 2020 жылы олар 18 млн.теңге сомасына сиыр қорасын салды, осылайша шаруа қожалықтарының есебінен өз округімізде жаңа жұмыс орындары құрылуда.
2020 жылы 1 жалпы жылдық ауылдық жиын жыл басында өткізіліп, бұдан әрі мұндай кездесулер Ақмола облысы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес онлайн режимде өтті. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау ауылдық округ әкімі аппаратының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ауылдық округ әкімінің 39 өкімі шығарылды. 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Біздің округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтатын болсақ, халықтың өмір сүру жағдайларына әсер етпеуге болмайды.
Біздің тұрғындар өз аулаларында 692 бас ІҚМ, 663 бас қой, 353 шошқа, 113 жылқы бар. 2019 жылмен салыстырғанда мал басы аздап өсті. Ветеринарлық қызмет жұмыс істеді. Барлық мал басы туберкулезге, бруцеллезге, сібір жарасына уақытылы зерттелді.
Жыл сайын округте санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы 6 сенбілік өткізілді. 111 тонна қоқыс қалдық шығарылды. 115 жеке үй, 2 қоғамдық ғимарат жөнделді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздардың ішінен абаттандыру бойынша 3 адамнан тұратын бригада жұмыс істеді, олар орталық көшелерді қоқыстан және арам шөптен тазарту жұмыстарын жүргізді, 65 ағаш әктелді, Ұзынкөл ауылының жол бойындағы бұталар кесілді. Автобус аялдамасы сырланып, біздің алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткіш ауылдың негізін қалаушылардың есімдері жазылған гранит плитамен жаңартылды.
Халықты әлеуметтік қорғауға келетін болсақ, ауылдық округ әкімдігімен оны қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылдануда. Шынымен мұқтаж адамдар қамтылған. Біздің бақылауымызда мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер бар. Егер барлық жерде нан бағасы көтерілсе, онда бізде Ұзынкөл ауылы мен Бұлақты ауылында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары есебінен бір бөлке нанның құны 25 теңге. Округте аптасына екі рет аудан орталығына автобус қатынайды. 1 әлеуметтік қызметкер бар. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 адам жіберілді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған округ азаматтары арасында бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді, одан кейін 4 адам болашақ зейнетақыны қамтамасыз етуге ниет білдіріп, ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастады. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша оқуға ниет білдіргендер де бар.
Өскелең ұрпақтың мәселесіне барлық уақытта үлкен көңіл бөлінді. Ұзынкөл негізгі мектебінде қазақ және орыс сыныптарында 28 оқушы, дайындық сыныптарында 11 оқушы оқиды. Мектепте тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған, темературалық режим сақталады.
Еліміздің басым міндеттерінің бірі-дені сау ұлтты тәрбиелеу. Осы мақсатта ауылдық округ аумағында 2 медициналық пункт жұмыс істейді. 2020 жылы туберкулезбен ауыратын науқастар жоқ. 5 бала дүниеге келді. Флюорографиядан 96 адам өтті. Ауылдық округ аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Ұзынкөл ауылында «Билайн» интернет байланыс мұнарасы орнатылып, 4 G жылдамдықты интернет іске қосылды. 2021 жылы мұндай мұнараны Алғабас ауылында бөлек орнату жоспарлануда.
Ауылдық округ аумағында 1 ауылдық клуб және спорт залы жұмыс істейді.
Округте спортты дамытуға да көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын ауылдық округ командасы аудандық «Ақ бидай» спартакиадасына қатысып, жүлделі 1 және 2 орындарға ие болады. Округ мектебінде волейбол, баскетбол, үстел теннисі секциялары жұмыс істейді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары арқылы өтеді.
Округтің 2020 жылға арналған перспективалық даму бағдарламасы үш негізгі міндеттен тұрды, олар жүз пайызға орындалды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында 3 млн.197 мың теңге бар.
Округтің 2021 жылға арналған перспективалық даму бағдарламасы екі негізгі міндеттен тұрады:
Ауылдық округте жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін меншіктің барлық түрлерінің өкілдеріне, халыққа барлық күш-жігерді біріктіру қажет. Кәсіпкерлікті дамытуды, мал шаруашылығын дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, халықты әлеуметтік қорғау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, кәсіптік оқыту, жастар практикасы бойынша жәрдемдесу жөніндегі бағдарламалар бұрынғысынша басты назарда болады. Бұл шаралар азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді.
Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз.
Назарларыңызға рахмет.
Егер сізде сұрақтар немесе ұсыныстар болса, сіз тікелей эфирде сұрай аласыз, мен оларға жауап беруге дайынмын.
Сіздер тікелей эфирде сұрақтар немесе ұсыныстар қоя аласыз, әкімдікте орналасқан арнайы жәшікке жазбаша түрде жібере аласыз, 87774753369 телефон нөмірі бойынша қоңырау шаласыз немесе whatsapp-қа хабарлама жаза аласыз.