Каменка ауылы әкімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

1 қырқүйек «Білім күні» мерекесімен қатар, еліміздің тарихында, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген жолдау ахуал орын алып отырған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді аландатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың деңсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ  әлем пандемияны толық жеңуі үшін кем дегенде 2 жыл мерзім уақыт керек екенін, ал қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіруге 5 жыл уақыт кететіні де айтылды. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындатып берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды.

2021 жылғы 01 қыркүйектегі жыл  сайынғы Қазақстан  Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына  «Жаңа  жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы  елдің  мыңызды  саяси жағдай. Осы  Жолдауда  қоғамдағы  коранавирус пандемиясының жағдайы  және елдің  ары-қарай  даму  кіріспесі, қазақстандықтарды өмірінің  өсуінің сапасына бағытталған  маңызды  стратегиялық міндеттер  қарастырылған.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  дамуының   әр бір сатысы концепция,стратегия  және  басқа да  бағдарлама құжаттарымен ілесіп  отырып, нақты  қорытындылар  алуға  қойылған,

    2020  жылғы   атқарылған жұмыс  нәтижелерімен  және  2021 жылғы  жұмыс  жоспармен таныстырамын.

     Каменка  ауылы  әкімінің  аппараты   өзінің   өкілеттігін   Қазақстан  Республикасының  Конституциясына және «Қазақстан  Республикасының   жергілікті  мемлекеттік  басқару және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңына, басқа  да  нормативтік  актілерге   сәйкес  жүзеге-асырады.

      Барлық   жұмыс  ауылдың  әлеуметтік-экономикалық   даму  есебін  ала  отырып, жергілікті қауымдастықтың бағдарламаларын дамыту негізінде    өткізілді.

       3 жыл  бойы  ауыз-сумен  қамтамасыз  ету  жүйесі   толық  күшіне  еніп  жұмысын   атқаруда.

      Ауыл  сапалы телефон және ғаламтар байланысымен қамтамасыз  етілген.   250   және одан  жоғары  халқы  бар   ауылдық  пунктарда ұялы  телефон  байланысының  сапасын жақсарту мақсатында  жұмыстар  жүргізілуде.

       Ауылдың  ішкі  жолдары   суқұбырының  жүргізуіне  байланысты күрделі  жөндеуді  талап  етеді. Екінші  жыл   ауылдың ішкіжолдарына  жөндеу  жұмыстары жүргізілуде.  Ағымдағы  жылы  аудандық бюжеттің қаржысына қашықтығы 1 км 27 м  жолға, сметамен келісімді,  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.  Нақты алғанда  2 км  ауылдың  ішкі  жолдарына  сомасы 3 млн 896 мың тенгеге  жұмыс  жүргізілді. Күзгі  мерзімде "Байду-Агро" ЖШС қаржысына,  қашықтығы  3 км,  сомасы 7 млн.тенгеге   көпірден   ауылға  дейнгі ара қашықтағы жолдарға  күрделі жөндеу  жүргізілді.Ағымдағы  жылы ҚБШ  есебінен ауылдын  қалған  8 көшесіне, ағымдағы жөндеу жүргізуге  арналған   смета  өңделді. Жөндеу  жұмыстары  қаржының  түсіміне  қарай өткізіледі. Сметалар  ауданның  экономика  және  қаржы  бөліміне  тапсырылды. Осы  бағыттағы  жұмыс кезекпен  жүргізіледі.  Қысқы  мерзімде  жолдарды  тазалауды  «Байду – Агро» ЖШС  қамтамасыз  етеді. Жолаушылырды  тасымалдауды Нұр-Сұлтан  қаласының жеке  кәсіпкері  жүзеге  асырады.

      Халықтың негізгі бөлігі – өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, олар  қосалқы шаруашықты  дамытуда. 01.01.2021 жылғы жеке аулаларда 486 бас ірі қара, оның ішінде 235 сиыр ( 2020 жылы 479, оның  ішінде сиыр 232), 185 қой (2020  жылы -183 бас), 410 шошқа (2020 жылы- 407 бас), 101 жылқы (2020 жылы- 99 бас)  бар. Жеке сектордың малдарын зерттеу іс-шаралары  жалғасуда. Жоспар бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар орындалды. Ауылдың  санитарлығын  қамтамасыз  ету  бойынша    қаңғыбас  иттерді  аулау  жұмыстары  жүргізілді. Осы  бағыттағы  жұмыстар тұрақты  жалғасуда.

       «Т.А.Саржанов»  жеке  кәсіпкер  ірі қара малды  бордақылауға  алаңының  құрылысын  салуға  арналған  жер  аукционына  қатысуға өтінім  беріп,  бүгінгі күні  конкурсты ұтып  алды. Қазіргі  уақытта  жерді  жалға алу   шарттарын  қортындылау  бойынша  жұмыстар   жүргізілуде.

        2018 жылғы қаңтарда  бастап  жаңа форматы атаулы әлеуметтік көмек   басталды. 2020 жылы  1  отбасы алушылар болып табылды. Қоғамдық жұмыста (абаттандыру) 18  жұмыссыз  жұмыс  атқарды.

     Каменка  ауылында  наубайхана   бар, ол  «Байду-Агро»  ЖШС-тің   құрылымына   кіреді   және  халыққа  бағасы 60  тенгеден  нан   пісіріп  сатып, халық  тұтынушылығын  қанағаттандырады ( күніне 76  -92  нан). Жарнасы  барларға 60 тенге, жарнасы  жоқтарға 90 тенге.

      Халықты керекті  товарлармен  4   дүкен  қамтамасыз  етеді. Жеке  аулалардан  сүтті  қабылдауды, жеке  кәсіпкер С.Радуманов  жүзеге асырады. Орташа  бағасы 1 литрге -80  тенге .

        Мемлекеттік бағдарламалар  біздің  ауылымыздың көп  мәселелерін  шешіп  және ауыл  тұрғындарының  өмірін  жақсартуда.  Ағымдағы  жылы «Жұмыспен  қамту жол  қартасы» бойынша ауылдың  мәдениет  үйіне 86 млн. 775 мың тенге қаржы  бөлінді. Бөлінгене  қаржыға күрделі  жөндеу жүргізілді. Ауылдың  мәдениет  объектілері жұмыс  жасаса, ол ауылдың қайта  жаңғыруы, біздің келешек   ұрпағымыздың  шығармашылық қабілеттерін  жүзеге асыру болып  табылады. Біздің  ауылға мәдени леп бергенге, ауылдың   халқының  атынан  біз  облыс, аудан  басшыларына  көп  рахмет  айтамыз.

      2020  жылдың   тамыз  айына  дейін, ауыл территориясындағы  қоғамдық  тәртіпті участкелік  инспектор полиция  майоры М.Қ.Қасен  бақылады, қазіргі  уақытта участкелік  инспектор  жоқ. Қажет  уақытта бізге участкелік инспектор   полиция капитаны Мұрат Эсмуханұлы Әлимжанов қызмет  көрсетеді.

      Көркейту және  ауылдың  санитарлық  тазалығы  ісшаралар  аясында сенбіліктер, таза  бейсембіліктер  өткізіліп, зират  басы  құрғақ  шөптен  тазаланды. Шаруашылық  субъектілері  және  жеке  тұлғалармен  көң-қоқысты  шығару  жұмыстары  ұйымдастырылды. Көше  шамдары  орнатылды. Сонымен  қатар  "Байду-Агро" ЖШС-нің  есебіне  әлеуметтік  серіктестік аясында, балаларға  арналған көп көп бағыттағы  спорт  алаңын орнатуға  сметалық  құжаттама өңделуде.

      Бүгінгі  күні   біздің  ауылдың   шаруашылық  субъектісі   "Байду-Агро"  ЖШС. "Байду-Агро" ЖШС-те  38  адам  жұмыс  істейді. Мерзімді  уақытта  50  адамға  дейін  барады. Өкінішке орай  ЖШС  барлығын  жұмыспен  қамтамасыз  ете  алмай  отыр. Сондықтан 37 ауыл  тұрғыны  "Родина" АФ-ға  жұмысқа орналасқан.

Өнеркәсіптік  кәсіпорын  «К Group of companies»  ЖШС  ұсақ-тас  карьері 2020 жылы  өз  жұмыстарын  толық  тоқтатты.

     Әлеуметтік  серіктестік. Әлеуметтік қолдау аясында ауылдың елді мекендерді дамыту шеңберінде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында "Байду-Агро"  ЖШС-пен  меморандум сомасы 7 млн. теңге  жасасты. Меморандум  әр түрлі нысанды  серіктестікті   қарастырады. Іс-шараларды  жүзеге  асыру  2020-2021  жылдардың  ағымында  орындалады.

    Есептік  кезеңде  әлеуметтік  серіктестік  аясында  кәсіпкерлер  және "Байду-Агро" ЖШС барлық  бағытта  көмек  көрсетті.  Жеңіс  күні  9 мамыр мерекесіне Ұлы  Отан  соғысы    ардагерлерінің   ескерткішінің   жанында, Каменка  орта  мектебінің оқушылары, ауыл  тұрғындары  және  ауыл  қонақтары  бессмертный полк және митинг  өткізді. Тыл  еңбеккерлеріне  ескерткіш  сыйлықтар  таратылды. Отбасы күні  қарсаңында  «Байду-Агро» ЖШС  көп балалаы  отбасына отын-су алуға  қаржылай  көмек  берді.

   Ауыл  территориясында   1  білім   беру   мекемесі «Каменка  орта  мектебі»  мемлекеттік   мекемесі бар. Мектепте  2020-2021  оқу  жылы  102 оқушы  және 12 оқушы  дайындық  топта білім алады.  2020 жылғы  жазғы  мерзімде  мектеп  ғимаратына  ағымдағы жөндеу  жүргізілді  және жөндеу  материалдарының  жоқтығына  байланысты,  жөндеуді  жалғасытыруды  талап  етеді.  Мектепке басшыларымыз  күрделі  жөндеу  қажет  екенін және соны  жүзе  асыру  үшін  барлық  жағдайды  қарастыруда. Мектепке   күрделі  жөндеу  жүргізу жобасы 2021  жылға    жоспарланып  отыр. Жылу  беру  мерзіміне  көмір  толық дайындалып, мектеп   жылу  беру  мерзіміне  толық  көлемде  дайын болды.

       Төтенше  жағдай кезеңінде, короновирус пандемия  мерзімінде,  біз  әр-түрлі  жағдайлармен беттесіп  келдік. Ол астана  және  аудан шекаралары  арқылы  өту рұқсат қағаздары, 42500  әлеуметтік  жәрдемақыны рәсімдеу, мемлекеттік  қызметтерді қашықтан  алу және  тағыда  басқа  көптеген  сұрақтар  туындады. Бірақ Каменка  ауылының  әкімінің  аппараты әрқашан  дайын  және  барлық  міндеттерді  шеше білді.

     Ауыл территориясында «Аудандық  орталық  аурухана» қарасты Медициналық  пункт қызмет көрсетеді, онда білікті қызметкерлер жұмыс жасайды. МП меңгерушісі –  З.Э.Дермановская.  Медициналық  қызмет көрсетудің  сапасын  жасқарту  үшін, 2020 жылғы 17  мамырда   жылжымалы    флюрограф  қызмет  көрсетті.  Тексерістен  199  адам  өтті. Республикалық  бағдарлама "Денсаулық" бойынша 140 адам  скринингты  тексерістен  өтті. Округтың диспансерлық  тобы   тегін  дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  етілген.

Бір   әлеуметтік  қызметкер 2 жалғыз  басты зейнеткерге  қызмет  көрсетеді.

      2020  жылы Каменка  ауылы  әкімінің  аппараты 67  мемлекеттік  қызмет ЭЦҚ , 14 медициналық мекемелерге  бекіту, 18  архивтік  анықтама  алу  және анықтамалардың басқа түрлерін  алуға, 3  жер  участкелеріне  құқық  алу  қызметі  көрсетілді. Egov арқылы әлеуметтік  жәрдемақы 42500  тенгені  алуға 100-ге тарта  азаматтар   рәсімделіп, қанағаттандырылды. Ауыл  тұрғындарына  ЭЦҚ мемлекеттік қызмет алу шеңберінде түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді Egov арқылы  алу  туралы  баннер  орналастырылды. Мобильдык  ХҚО  жұмысын  көрсету  ұйымдастырылды. Ауыл  аппаратында  жұмыс істейтін  egov.kz. бұрышы  орнатылған. Біз белсенді түрде   осы  бағытта  жұмыс істейміз. Ғимарат фойесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ақпараттық стенд қолданыстағы стандарттарға сәйкес  орналастырылған. Келіп түскен өтініштерді уақтылы тіркеледі. Барлық  әлеуметтік  объектілерде  пандус  және шақыру  түймесі  орнатылған.

     2020   жылы    жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  концепциясын  жүзеге  асыру  аясында    біз   4-ші  деңгейлі  бюджетке  көштік. Онда  бюджетті өзіміз қалыптастырамыз. Біздің  бюджет мемлекеттік  кіріс    басқармасына  ауыл  тұрғындарының  төлейтін   5  салықтан  қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын  басқаруға   бағытталған, қазынашылық  органдары ашық шығыс және  кіріс  көрсетуге  арналған. Соған  қарамастан,  4 деңгейдегі бюджет  біздің  ауылдың  салық  потенциалы қаржылай  тәуелсіздігімізді қамтамасыз  етпейді. Сондықтан, біздің  ауылымыздың   дамуына  аудандық, облыстық  бюджеттердің  инвестицияларын  тартуға  мәжбүрлейді.

     2020  жылы  1 млн.552 мың тенге жергілкті  салық  жеке тұлғалардан  келіп  түсті.

        Қажеттілікке  жұмсалған  қаржы  шығындары:

      16,8 мың.тенге - сметалық-жоба құжаттамаларын  дайындауға;

      236,8 мың.тенге -Каменка   ауылының  жолдарын  қардан  тазалау;

      76,0 мың.тенге -  көше  жарығының  ВЛ  тіреулерінің төлемдері (сәуір, мамыр);

      160,0 мың.тенге -электроэнергия төлемдері (сәуір, мамыр);

 

     Жыл аяғындағы  қаржы бақылау  шотындағы қалдық  қаржы 882 мың.тенге.

      2020  жылы  қаңтар-ақпан  айында  өткен  Астрахан  ауданының  барлық  деңгейдегі  әкімдерінің  есептік  кездесуі  барысында  келіп-түскен  ұсыныстармен  сұрақтардың  барлығы  орындалды.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды  бірге  құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік!

 

Президент бізге ауылдың  алдағы  жылдарда даму  бағдарламасы  және  мемлекеттік бағдарламалық  міндеттер қойған.                                                      Оны  жүзеге  асыру  жұмыстары  жалғасуда.

Дата публикации
22 января 2021