Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауырлататын қылмыс ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті.
ҚР Президентінің Жолдауын орындау мақсатында аудандық прокуратурамен талдау жүргізілді, оның барысында кәсіпкерге қатысты заңсыз салықтық тексеру жүргізу фактісі анықталды.
2019 жылдың желтоқсан айында Астрахан ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкер Ф.А.М. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 282 бабы бойынша 189 375 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Алайда, тексеру заңсыз жүргізілді, өйткені салық органының нұсқамасында кәсіпкердің дүкені орналасқан аумақтың тексерілетін учаскесі көрсетілмеген.
Салық кодексінің талаптарына сәйкес салықтық тексеру ұйғарым негізінде жүргізіледі және онда міндетті түрде аумақтың тексерілетін учаскесі көрсетілуі тиіс.
Осыған байланысты, прокурорлық ден қою актісі бойынша кәсіпкерге қатысты іс жүргізу Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, 189 375 теңге мөлшерінде айыппұл оған толық көлемде қайтарылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Кәсіпкерлер шенеуніктерді заңсыз жинаған жағдайда аудан прокуратурасының сенім телефонына жүгіне алады 2-36-90.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері мен аудан прокуратурасының қызметкерлерінен құралған мобильді топ жұмыс істейді.