Көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп – ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті:
1) мүлік иелерінің бірлестігі;
2) көп пәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі.
Әрбір көп пәтерлі тұрғын үйде оның басқару органы-үй кеңесі, бақылау органы пәтер иелері, тұрғын емес үй-жайлар ұсынатын және үйдің мүдделерін қорғау. Мүлік иелері бірлестігінің төрағасыне сенім білдірілген тұлға немесе жай серіктестік атқарушы орган болып табылады.