Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы

9 қыркүйек 2026 жыл А-9/149

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін

жер учаскесін алып қою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2026 жылғы 7 тамыздағы Астрахан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Рыбчак Василий Иосифович» шаруа қожалығының жер пайдалануынан кадастрлық нөмірлері 01-002-029-164, 01-002-029-165, 01-002-029-097 ауданы 85 га жайылым, 5 га шабындық жер учаскесі Астрахан ауылдық округінің Астрахан ауылы тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, бірыңғай контурлық массив қалыптастыру үшін алынсын.
  2. «Рыбчак Василий Иосифович» шаруа қожалығына Астрахан ауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 33 га егістік берілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                      Т. Ерсейітов

 

Дата публикации
09 сентября 2026