ГОТОВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКОВ НАХОДИТСЯ ПОД КОНТРОЛЕМ

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

          Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауына дайындық жұмыстары Астрахана уданында жүйелі түрде жүргізілуде.

          Сайлау учаскелерінің дауыс беруге дайындығын бақылау мақсатында мониторинг тобы аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, олардың әзірлігін тексерді.

          Мониторинг жұмыстарына аудан әкімі аппаратының басшысы Әділхан Орынбай, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Балтабек Алтаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Светлана Вереина, сондай-ақ аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Анастасия Плотникова қатысты.

          Аралау барысында сайлау учаскелерінің жалпы жағдайы, қажетті инфрақұрылымның дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, ақпараттық материалдардың дұрыс орналастырылуы және сайлаушылар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы назарға алынды.

Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпараттық бұрыштардың талапқа сай жабдықталуы тексерілді. Ақпараттық материалдардың толықтығы мен өзектілігіне, олардың сайлаушылар үшін қолжетімді әрі көрнекі орналастырылуына ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасалуы, пандустар мен қажетті құралдардың болуы да тексерілді.

          Мониторинг барысында анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсыныстар беріліп, сайлау учаскелерін белгіленген талаптарға сәйкес дайындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сайлау учаскелерінің сапалы әрі уақытылы дайындалуы – сайлау процесінің ұйымдасқан түрде өтуінің маңызды шарттарының бірі.

Дата публикации
06 августа 2026