Дағдарысқа қарсы шаралар 01.12.2020

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға қаражат «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бағытталады. Осы бағдарлама бойынша Астрахан ауданына облыстық бюджеттен несиелер есебінен ішкі қарыздар қаражатынан 117,7 млн. теңге сомасында және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 49,9 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 2020 жылғы 1 желтоқсанға кассалық орындалуы 167,6 млн. теңгені құрады. Аталған қаражат мәдениет, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 5 жобаны іске асыруға бағытталды.

Дағдарысқа қарсы қаражат шеңберінде коронаравируспен күресуге және эпидемияға қарсы іс-шараларға аудандық бюджет қаражаты есебінен шығыстар көзделген. ҚР-да төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ауданның бақылау-өткізу пункттерін арнайы киіммен, жанар-жағармай материалдарымен, дезинфекциялау құралдарымен, төсек-орын жабдықтарымен, шатырлармен, тамақтандыруды ұйымдастырумен және өлшеу аспаптарымен қамтамасыз ету үшін 3,5 млн. теңге бөлінді, 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша кассалық шығыс 3,5 млн. теңгені құрады. COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу кезінде қорытынды дезинфекция жүргізу үшін 0,1 млн. теңге бөлінді. Білім беру және спорт және саласында дезинфекциялау құралдарын, жеке қорғану құралдарын, COVID-19 таралуының алдын алу үшін шаруашылық тауарларын сатып алуға 17,6 млн.теңге жұмсалды.

Дағдарысқа қарсы шаралар 01.12.2020
Дата публикации
08 декабря 2020