2020 жылы 1 желтоқсандағы Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы

           Кірістер

          2020 жылы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ ескере  отырып 5 375,6 млн.теңге немесе жоспарға 103,2 % түсті (1.12.2019 жылы – 102,9%).

          Меншікті кірістер бойынша 753,1 млн.теңге немесе жоспарға 128,2% түсті (табыс салығы, әлеуметтік салық  түсімдері, мүлікке салықтар, жер слығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы, акциздер, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, мемлекеттік баж, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен  165,6 млн.теңгеге  асыра орындалды).

Шығыстар

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 5,2 пайыздық пунктке көбейтіп және 99,9 % немесе  5 491,1 млн. теңгені құрады, жоспарға 5 496,7  млн. теңге игерілмеген 5,6 млн. теңге, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен трансферттер 1 648,3 млн.теңге жоспарында  1 647,6  млн. теңге немесе 100,0 % игерілді. Қаражат қалдығы 0,7 млн. теңге сомасында.

Облыстық бюджеттен трансферттер –  704,2 млн. теңге жоспарында  700,2 млн.теңге немесе жоспардан 99,4 % игерілді. Қаражат қалдығы 4,0 млн. теңге сомасында.

          Кредиттер – 62,5 млн. теңге жоспарында 62,5 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді.

          ЖҚЖК – 117,7 млн. теңге жоспарында 117,7 млн.теңге немесе жоспардан 100,0 % игерілді.

Аудандық бюджет ЖӨБ ескере отырып 2 964,1  млн.теңге жоспарында  2 963,1 млн.теңге немесе  100,0 % орындалды.

2020 жылы 1 желтоқсандағы Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 760,8  млн.теңгені немесе аудан бюджетінің жалпы көлемінен 13,8% құрайды, 760,8 млн.теңге немесе 100,0 % игерілді.

2020 жылы 1 желтоқсандағы Астрахан ауданы бюджетінің орындалу қорытындысы
Дата публикации
08 декабря 2020