Мемлекеттік көрсетілетін қызмет « Ортақ үлестік меншік немесе ортақ үлестік жер пайдалану құрамындағы жер учаскесіндегі жер үлесін рәсімдеу»

Қызмет көрсетушінің атауы:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
6 (алты) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:
Қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

  • Қызмет көрсетушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі;
  • Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату шарты немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты;
  • Немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда – тегін.

Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:
Қызмет көрсетуші: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
Қызмет алушыдан талап етіледі:

  1. Осы бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына акт немесе жер-кадастрлық жоспар);
  3. Жер қатынастары саласындағы жеке және заңды тұлғалар айқындаған жер үлесінің есебі;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде – кадастрлық (бағалау) құны туралы акт немесе жалдау төлемінің есебі.

Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу немесе қызметінің басталуы туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін сәйкестендіру құжаттары тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

  • Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыстығы анықталмаған жағдайда;
  • Қызмет алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі;
  • Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, шектеулі қолжетімді дербес деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісімінің болмауы.

Қосымша талаптар:
Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы жеке кабинет арқылы немесе бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ала алады.

Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:
Порталда көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

Дата публикации
27 марта 2026