GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Хабарландыру
Халықпен жұмыс
09 декабря 2025
Құқық кабинеті

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - сінде "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
.

04 сентября 2024
Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

Атом энергетикасы және атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.

Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған

Халықпен жұмыс
16 мая 2024
Осы жылдың 15 мамыры Халықаралық отбасы күні бүкіл әлемде аталып өтіледі

Осы жылғы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні бүкіл әлемде аталып өтіледі, бұл күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия су тасқынынан зардап шеккен Еңбек және Старый Колутон ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді және көмек көрсетті.

Хабарландыру
14 марта 2024
111 қызметі отбасы және әйелдер мен балалар мүдделерін қорғайды

 «Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық  қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.

Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.

111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.

Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.

Мемлекеттік қызметтер
05 февраля 2024
Онлайн нысандағы сауалнама

Құрметті қызмет алушылар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

https://m.egov.kz/survey/

Хабарландыру
24 января 2024
Старый Колутон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетіні туралы

 «Старый Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылғы 2 ақпанда сағат 11.00-де Старый Колутон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

         Өткізу орны: Старый Колутон  ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 34, Старый Колутон ауылдық клубының ғимараты.

Күн тәртібі:

  1. 2023 жылғы жергілікті маңызы бар мәселелерді және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың өзекті және басқа да ағымды мәселелері.

          

24 января 2024
Старый Колутон ауылында балаларға арналған сырғанақ орнатылды

2024 жылдың 23 қаңтарында Астрахан ауданының Старый Колутон ауылында балаларға арналған сырғанағы орнатылды

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы