Бюджет

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 4-деңгейдегі бюджетке төленуге жататын салықтар бойынша барлық төлемдер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының БСН-не төленуге тиіс.

Бұл ретте жергілікті өзін –өзі басқарудың дербес бюджеттерін (4-деңгейдегі бюджеттер) енгізудің бірінші кезеңінде жаңашылдықтар халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің бюджетіне түсуге жататын салықтар бойынша салық төлеушілерге қатысты болады.

МӘМ бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап-барлық жерде мемлекеттік бюджеттің 4 – ші деңгейі ретінде енгізіледі.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентінің дамуына бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге мынадай түсімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;

4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық.

Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халықтың елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, автожолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және т. б. жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ақыр соңында адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал етеді және елді мекендердің сыртқы келбеті.

2023 жылға арналған ауылдық округ бюджеті
Дата публикации
12 февраля 2024