Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

 

  Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.

      Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.

      Агенттік мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты жүргізушісі бола отырып, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы әріптестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін ұштастырады.

      Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші әлеуетін күшейтті.

      Мемлекеттік қызметтегі алдын алу шаралары

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" жаңа Заңмен мемлекеттік қызметтің "мансаптық" моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық ауысулар үшін жасалатын жағдайлар азайтылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды, жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін сынап көру жүргізілді.

      Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қолданылуда, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді.

      Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін шетелдік банктерде шоттарды иеленуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізілді.

      Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтарды алуға және сыйға тартуға толық тыйым салу көзделген.

      Аталған адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және жекжаттарымен бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу туралы нормалар күшейтілді. Мемлекеттік лауазымға кандидаттар мемлекеттік ұйымда жұмыс істейтін туыстары туралы хабардар етуге міндетті.

      Қаржылық бақылау шаралары жетілдірілді. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркеп, "кіріс" декларацияларын ұсынды. 2022 жылдан бастап кірістер мен шығыстарды салыстыру жүзеге асырылатын болады.

      Әкімдердің қызметін бағалау "сыбайлас жемқорлық деңгейі" нысаналы индикаторымен толықтырылды және сыбайлас жемқорлық индексін өңірлік өлшеу әдістемесі бекітілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы