2026 жылғы 4 маусым күні сағат 17.00-де
Колутон ауылының мектеп ғимаратында
Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітовтың
халықпен тұрақты есеп беру кездесуі өтеді
Күн тәртібі:
1. «2026 жылдың ағымдағы кезеңі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» есебі.
Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітов
2. « Колутон ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы І жартыжылдықта атқарылған жұмысы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы есебі. Колутон ауылдық округінің әкімі
А.Б.Балгабаев
2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 10.00-де
Бирлик ауылының мектеп ғимаратында
Колутон ауылдық округі әкімінің Бирлик ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді
Күн тәртібі:
Колутон ауылдық округінің әкімі А.Б.Балгабаевтың
«Өткен кезеңде атқарылған жұмыстары туралы» есебі.
Құқық кабинеті
«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - сінде "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
Колутон ауылдық округіндегі жергілікті қоғамдастығының жиналысының өткізілуі туралы
«Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, 2025 жылғы 24 қаңтар күні сағат 10.00 де Колутон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиналысы өтетінін хабарлайды.
Өткізілу орны: Колутон ауылы Кенесары көшесі.6, «Колутон ауылдық округінің әкімнің аппараты» ММ ғимараты.
Күн тәртібі:
1. 2023 жылғы жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының және кіріс көздерін пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау.
2. Жергілікті қоғамдастықтын басқа да ағымды мәселелері.
2024 жылғы 12 қыркүйекте сағат 16.00-де Колутон ауылының мектеп ғимаратында Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітовтың халықпен тұрақты есеп беру кездесуі өтеді
Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады
Атом энергетикасы және атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды.
2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.
Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.
Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған
ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 15 наурыз күні сағат 10.00 де Колутон ауылындағы мектеп ғимаратында Астрахан ауданының әкімі мен Колутон ауылдық округі әкімінің халықпен есептік кездесуі өтеді.
Күн тәртібі:
1) Колутон ауылдық округінің әкімінің 2023 жылы атқарылған жұмысы және 2024 жылға арналған міндеттер мен мақсаттар туралы есебі(баяндамашы ауылдық округінің әкімі – А.Б.Балғабаев )
2)Өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы (баяндамашы аудан әкімі Т.А.Ерсейітов)
3)Аудандық полиция бөлімі бастығының өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстары туралы (баяндамашы - аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Н.Жапаров)
4)Тұрғындардың сұрақтарына жауаптар.
Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты
2024 жылғы 4 наурыз күні сағат 10.00 де Бирлик ауылындағы мектеп ғимаратында Колутон ауылдық округі әкімінің Бирлик ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.
Құрметті қызмет алушылар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.