Колутон ауылдық округінің әкімінің
2023 жылда атқарылған жұмыстары және 2024 жылға қойған мақсаттар туралы
баяндамасы
Құрметті кездесу қатысушылары мен ауыл тұрғындары.
Колутон ауылдық округінің әкімінің аппаратының 2023 жылда атқарылған жұмыстары және 2024 жылға қойған мақсаттар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
2023 жылы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4 бірлікті құрады, оның ішінде: 1 бірлік – Ауылдық округ әкімі, 1 бірлік - бас маман, 2 бірлік - жетекші маман.
Әлеуметтік қызметкерлер бойынша 1 бірлік 3 жалғыз басты қарттармен жұмыс бойынша, штаттан тыс қызметкерлер бойынша 5 бірлік, оның ішінде 1 бірлік - жүргізуші,3 бірлік - күзетші, 1 бірлік – еден жуушы. Жергілікті қауымдастықтар-8 адам.
2022 жылы "Колутон ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ" Сауда - саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетті- 6 дана (электронды түрінде көрсетілген). Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – жеке тұлғалардың 5 өтініші. 4 жеке қабылдау өткізілді. Аппарат әкімі 90 өкім және 8 шешім қабылдады.
Электрондық үкімет порталы арқылы 200 Мемлекеттік қызмет көрсетілді
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Кенесары көшесі бойынша 38488,6 мың теңге сомаға кентішілік жолдың асфальт жабындысымен орташа жөндеу жүргізілді, жұмысты "GRUSS" ЖШС жүргізді. Кенесары көшесіндегі жолды орташа жөндеуге 1369,0 мың теңге сомасына техникалық қадағалау бойынша қызметтер жүргізілді. Қызметтерді "Көкшетау - 2015"ЖШС жүргізді.
Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 5289,8 мың теңге сомаға ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының қасбетін ағымдағы жөндеу және есіктерін ауыстыру жүргізілді, жұмыстарды "Береке"ЖК жүргізді.Әкімшілік ғимараттың ағымдағы жөндеуі 2850,6 мың теңге сомаға шатырды ауыстыру, жұмысты "Исмаилов"ЖК жүргізді. 713,9 мың теңге сомаға көше-жол желісін орташа жөндеуге жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер жүргізілді, қызметті "НЦКДА"ШЖҚ РМК жүргізді. Мемлекеттік органның ағымдағы шығыстарына 624,0 мың теңге бөлінді. "Kazakh partner" ЖШС сатып алған сомасы 651,8 мың теңгеге 2 дана жиынтықта компьютер сатып алынды.
2020 жылдан бастап Колутон ауылдық округі бюджеттің 4 деңгейі бойынша жұмыс істейді. Ауыл бюджетіне салықтық және басқа да салықтық емес түсімдердің 4 түрі берілді. 2023 жылға салық және салықтық емес түсімдер түсті:
- табыс салығы 289,7 мың тенге;
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 50,2 мың теңге.
- жер салығы 29,0 мың теңге.
- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 1159,9 мың теңге
- заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 0,0 мың теңге.
- бірыңғай жер салығы -34,1 мың тенге;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы – 367,8 мың.тенге;
Қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың жер, мүлік және көлік салығы толығымен орындалды.
Ауылдық округтің бюджеті 1784,0 мың теңгені құрайды. Орындау 1937,7, Игеру 108,2 %.
2024 жылғы 1 қаңтарға қарасты халық санағының деректеріне сәйкес Колутон ауылдық округінің халық саны 767 адамды құрайды 2023 жылға қарағанда 29 адамға кеміді. 01.01.2024 ж. жеке сектордағы мал басы санағына сәйкес
|
Атауы |
Барлығы |
Колутон |
Бірлік |
|||
|
2023 |
2024 |
2023 |
2024 |
2023 |
2024 |
|
|
ІҚМ |
1054 |
879 |
814 |
704 |
240 |
175 |
|
Соның ішінде сиырлар |
549 |
499 |
409 |
388 |
140 |
111 |
|
Қойлар |
2366 |
2334 |
2034 |
1803 |
332 |
531 |
|
Жылқылар |
539 |
504 |
430 |
395 |
109 |
109 |
|
Шошқалар |
2 |
2 |
2 |
2 |
0 |
0 |
|
Құстар |
1789 |
1789 |
1675 |
1675 |
114 |
114 |
Колутон ауылының фельдшерлік – акушерлік пункті және Бірлік ауылының медициналық пункті медициналық кадрлармен қамтамасыздандырылған, байланыс бар,препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген, отындары бар.
Медициналық қызметкерлері қажетті профилактикалық іс – шараларды жақсы өткізеді, жоспарлы профилактикалық егулер дер кезінде егіледі, аяғы ауыр әйелдерді және балаларды жақсы қабылдайды.
Жыл сайын жылжымалы қондырғы – флюроограф жұмыс істейді, онда 195 тұрғын тексеруден өтті. Барлық ниет білдірушілер медициналық тексеруден өте алатын жылжымалы кешен.
9 – Мамыр Жеңіс Күні мерекесіне орай тыл еңбеккерлеріне демеушілердің есебінен азық түлік себеттері сый түрінде табысталды.(демеушілер Красавская С.В – 35000 мың.тенге: Джанзаков Д, Сагадатов Д.К, Тюркина Л – 50000 мың.тенге). Балалар қорғау Күніне және лагердің 1 маусымның ашылуына орай балаларға арналған 12.000 теңгеге мерекелік дастархан жайылды. (демеуші – ауылдық округ әкімі)
1 маусым – Балаларды қорғау Күніне және жазғы лагерьдің 1 маусымның ашылуына орай балаларға арнап тәтті дастархан жайылды. (демеуші – ауыл әкімі).
.
1 Қазан «Қарттар күніне » орай барлық топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерге - Сартаева А.Н - 1 тонна көмір беру түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, ауылдағы зейнеткерлер үшін мереке орай мерекелік іс – шаралар өткізіліп, дастархан жайылды. Демеушілер ретінде ауылдағы шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсіпкерлер шықты.
Жаңа жыл мерекесіне орай Колутон ауылының тұрғындары мен қонақтарына арналған «Балмаскарад» іс шарасы ұйымдастырылды, демеушілер ретінде ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшылары.
Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Бирлик ауылындағы ЖШС «Толкынколь» басшысы Аксеитов Ж.К ауыл тұрғындарын құттықтап, әр бір үйге жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.
Ауыл бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Өз күшімізбен орталықтағы футбол ойнайтын алаңын жөндеуден өткіздік.Қоғамдық жұмыскерлер көшелерді ретке келтіру жұмыстармен айналысып жатыр.
Колутон ауылдық округі әкімдігімен және жеке кәсіпкерлермен басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру туралы 6 меморандум жасалды.
Ауылдық округтің кентішілік жолдарындағы қарды жинау және жою үшін 2023 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 9000 мың теңге бөлінді. 2024 жылы осы мақсаттарға 1000,0 мың теңге жұмсау жоспарлануда.
Ауылдық округтің 2024 жылға арналған міндеттерінің бірі:
5..Ауылды абаттандыру.
Назарларыңызға рахмет!
Колутон ауылдық округінің әкімі А.Балгабаев