Медициналық қызмет

Колутон  ауылдық округінде  1 фельдшерлік – амбулаторлық пункт және 1 медициналық пункт жұмыс істейді. Колутон ауылындағы фельд-шерлік – амбулаторлық пункт (меңгерушісі – Бекмадина Ғалия Иманзаданқызы)  ауылдық округтің ғимаратында  орналасқан, ол 4 бөлмеден тұрады. Ағымдық жөндеу жұмыстары  өткізілген.

      Бірлік ауылының медициналық пункті(меңгерушісі – Аксеитова Майра  Батанқызы)бөлек ғимаратта орналасқан, ол 2 бөлмеден тұрады.

Колутон  ауылының фельдшерлік – акушерлік пункті және Бірлік ауылының медициналық пункті медициналық кадрлармен қамтамасыздандырылған, байланыс бар,препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген,  отындары бар.

Медициналық қызметкерлері  қажетті профилактикалық іс – шараларды жақсы өткізеді,  жоспарлы профилактикалық егулер  дер кезінде егіледі, аяғы ауыр әйелдерді және балаларды жақсы қабылдайды.

Медициналық қызмет
Дата публикации
08 февраля 2024