Медиация
дауды сотсыз да шешуге болады
Медиация – бұл «бейтарап тұлғаны – медиаторды – шиеленіс жағдайды шешетін өзара түсіністікке қол жеткізу және шарт жасасу мақсатында тарта отырып, ерікті түрде келіссөз жүргізу жолымен жанжалдасушы тараптарды татуластыру процедурасы».
Яғни, жанжалдасушы екі тарап сотқа жүгінудің орнына кәсіби делдалға келуді шешеді, ол өз кезегінде оларды тыңдап алып, оларға проблемаларын
шешудің оңтайлы жолын ұсынады.
Бұл дауларды балама шешу жүйесі бүгінгі күнде белсенді дамуда және замани құқықтық инфрақұрылым құруға тырысып жүрген көптеген өркени-етті елдер мен мемлекеттерде оның жақтастары көбеюде. Медиацияның ерекшелігі сотқа жүгінуге қарағанда, оның қаржылай шығындарының аздығында, сондай-ақ уақытша шығындар мен құпиялылығының қысқа-руында.
Қалпына келтіру сот төрелігі (медиация) элементтерін енгізу қажетті-лігі, бір жағынан қылмыстық саясатты гуманизациялаумен, ал екінші жағынан процессуалдық процедураларды оңтайландыру қажеттелегімен белгіленеді.
Медиация - дауларды сотсыз, үшінші бейтарап тараптың – медиатор-дың көмегімен шешу түрі.
Медиация дауларды балама шешудің айрықша жұмсақ түрі болып табылады. Медиация процедуралары кезінде жанжалдасушы тараптар, медиатордың тәжірибесіне, біліміне және біліктілігіне сүйене отырып, өздігі-мен өзара пайдалы шешімге келеді. Дауларды шешу толығымен дауласушы-лардың өздерінің еркіне байланысты.
Медиация дауға қатысушылардың уақытын, ақшасын және эмоционал-дық күштерін үнемдеуге көмектеседі.
Оны өткізу кезінде жағдайы, ұйымдастырылуы, регламенті және үдерістің мазмұны жеке анықталуы мүмкін.
Медиация жанжалға (кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға) немесе ұтысқа ғана емес, сонымен қатар шешімнің конструктивті ізденісін табуға бағдарланған. Уақытша шығындарға келсек, медиация қатысушылардың мұқтаждығына оп-оңай ыңғайласуы мүмкін және даудың эмоционалдық және жеке аспектілерін ескере алады.
Сонымен қатар қатысушылардың жеке мүдделері толығымен қорға-лады, өйткені медиация үдерісі бұл құпия үдеріс.
Медиация дауласушыларға болашаққа көз жіберіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін пайдалануға жол береді.
Дауды медиацияның көмегімен шешу кезінде қол жеткізілген келісімдер, әдеттегідей, ұзағырақ және даудың нақты мәселелеріне жауап береді, бұл оларды іске асыруға ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен қатар олардың іске асырылуын екі жаққа да тиімді және шішімі дұрыс қадам етеді.
Қазіргі уақытта медиацияны коммерциялық дауларда, корпоративтік және корпоративтер арасындағы дауларда, банк және сақтандыру саласында, жүзеге асырылуы көптеген тараптарға қатысты жобаларға ілеспелерде, жұмыстағы жанжалдарда, отбасылық дауларда, авторлық құқыққа және интеллектуалдық меншікке байланысты дауларда, білім саласында және басқа да көптеген дауларда пайдалануға болады.