"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2024