"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары:

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.                                    

Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар).                                     Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

 

Дата публикации
10 февраля 2024